astana-view

«Атамекен» мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасының тұжырымдамасын қарастыруда

2019 жылғы 01 Тамыз
3013 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік сатып алулар жөніндегі заң жобасының Тұжырымдамасы және ашықтық, тиімділікті арттырып, сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту арқылы мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіруге бағытталған салыстырмалы кесте келіп түсіті.

Тұжырымдама мазмұны:

  1. Лауазымды тұлғалардың сатып алуға қатысу өтінімін заңсыз іске қосқандары және сотпен сатып алулардың жосықсыз қатысушылары деп танылған жеткізулерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне уақтылы енігзбегендері үшін әкімшілілік жауапкершілік тағайындау.
  2. Мемлекеттік сатып алуалар процедураларды оңтайландыру мақсатында қарапайым, стандартты тауарлар, жұмыс және қызметтердің сатып алуларын орталықтандыру кезінде «шекті келісімді қолданумен байқау» сатып алулардың жаңа әдісін енгізу.
  3. Электронды коммерцияны дамыту мақсатында электронды дүкенді енгізу.
  4. Түпнұсқалылығы тексерілген құжаттардың электронды депозиториін құру.
  5. Басшылары (құрылтайшылары) сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған компаниялардың мемлекеттік сатып алуларға қатысуымен байлансты шектеулерді белгілеу, сондай-ақ шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік сатып алуларға әлеуетті жеткізушелрдің қатысуының жыл сайынғы көлемдерін (лимиттерін) белігеу.
  6. Келісімшарттарды тікелей жасау арқылы мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартты жасауға құқылы Тапсырыс берушілер және әлеуетті жеткізушілердің тізілімін құру.
  7. Демпингтік бағаны беру (негізсіз төмендетілген бағалар) жағдайларын болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуларда демпингтік шекті белгілеу.
  8. Егер берілген өтінімдер болмаса немесе бір ғана берілген өтінім болса, жүзеге аспаған мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру мүмкіндігін беру арқылы мемлекеттік сатып алулар процесінің мерзімін төмендету.
  9. Баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алудың шекті мәндерін 4 мың еселенген АЕК-тен 8 мың еселенген АЕК-ке дейін  дейін арттыру.
  10. Заңның 39-бабы 3-тармағының 42-тармақшасы шеңберінде маңызы аз тауарларды бір көзден сатып алуды алып тастау арқылы, келісімшарттарды тікелей жасау арқылы бір көзден жасалатын сатып алуларды қысқарту.  
  11. Шағым түсіруге төлем алу арқылы Шағымдарға төлем тағайындау.

Тұрыжымдама және салыстырмалы кесте мәтінімен танысуды ұсынамыз, егер жобаларға қатысты ұсыныстар және (немесе) ескертепелер болса, ақпаратты мына электронды мекенжайға жіберуді сұраймыз: ruslan.shokayev@atameken.kz   немесе телефон: 8 (71712) 270-453

Заң жобасының мәтініне сілтеме

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер