astana-view

«Атамекен» қолдау орталығы» алғашқы 10 күн ішінде 900-ден астам алматылыққа қызмет көрсетті

2019 жылғы 05 Тамыз
- Алматы қаласы
9284 просмотров

«Атамекен» қолдау орталығы» алғашқы 10 күн ішінде 900-ден астам  жұмыссызға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қызмет көрсетті

Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық режимде «Атамекен» қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істей бастады.

Бүгінгі таңда оңтүстік астанада 5 орталық: «Кенжехан» базарында, екі вокзалда «Алматы-2» теміржол вокзалында, «Түрксіб» жәрмеңкесінің аумағында, сондай-ақ Көк базарда  жұмыс істейді.

Жуық арада тағы осындай 12 орталық ашылатын болады. Олар қаланың халық көп шоғырланған жерлерінде, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар жиналатын жерлерде, базарлар мен вокзалдардың жанында орналасқан. Жобаны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП жүзеге асыруда. Жоба халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздықтан қорғауға, сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

«Атамекен» қолдау орталығына» келіп жүгінген кез-келген азамат жұмысқа орналасуға, тегін оқуға, бизнесті ашу бойынша толық ақпаратты ала алады. Мобильді жұмыспен қамту орталығында 5 маман: жеке өсу кеңесшісі қабілетті дамыту кеңесшісі, екі кеңесші-менеджер және сыртта сауалнама жүргізетін көшпелі менеджер-кеңесші жұмыс істейді.

«Біз өтініш білдіргендерді базаға тіркейміз, бос жұмыс орнын таңдауға немесе жаңа мамандық алуға көмектесеміз. Мысалы, кәсіпорын базасында өткізілетін «Еңбек» Мемлекеттік жұмыспен қамту нәтижелі жүмыспен қамту бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстарға жазылуға болады. Таңдауы бойынша 50-ге жуық түрлі мамандықтар бар. Сондай-ақ, біз кәсіпкерлік әлеуеті бар барлық ниет білдірушілерге 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға арналған бизнес негіздерін оқи алатын «Жас Қасіпкер кәсіпкер» жобасына қатысуды ұсынамыз. Курсты аяқтағаннан кейін олар грант ұтып алуға немесе жеңілдікті несие алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, 29 жастан асқан адамдар үшін «Бастау» жобасы бар, онда өз бетінше жұмыспен айналысушылар мен жұмыссыздар бір ай кәсіпкерлікке тегін оқытылады және шағын несиеге үміткер бола алады», – деді орталықтың менеджер-кеңесшісі Венера Тайғақбаева.

Алматыда орталықтар ашылған кезенінен бастап  954 адам кеңес пен көмек сұрап жүгінген.

«Маған мамандық таңдау бойынша үміткерлер келіп өтініш береді, мен оларға осы сала бойынша көмектесемін.  Біз базалық құзыреттілік деңгейін анықтау үшін, үш әдістеме негізінде кешенді тест ұсынамыз, сондай-ақ кандидат өзін-өзі жүзеге асыра алатын мамандықтарды анықтаймыз», – деп орталықтың кеңесшісі Ольга Тыщенко мәлімдеді.

Жұмыссыз алматылық Юлия Лесная «Алматы-2» теміржол вокзалына жақын жерде тұрады. «Атамекен» қолдау орталығы» туралы ол осы орталықтың қызметкерлерінен білген.

«Міне, мен төрт айға жуық уақыт болды жұмыссыз жүргеніме. Бұл жоба барысында оқудан өтіп және сертификат алуға болатын тамаша мүмкіндік. Менде өз ісімді ашып – киім сатумен айналысқым келеді. «Атамекенде» бизнес-жоспарды жасауға және жобаны сүйемелдеуге көмектесетіні өте жақсы. Мобильді орталықтың орналасуы өте ыңғайлы, мұнда халық көп жүреді. Қазір адамдар кезекте тұрғанды, көп күткенді ұната бермейді. Ал бұл орталықтар өте қолжетімді, сіз мұнда келіп,  дереу сұрақтарыңызға жауап ала аласыз», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер