astana-view

Экспорттаушылармен жұмыс жөнінде «біраңғай терезе» құру ұсынылды

2019 жылғы 15 Тамыз
5890 просмотров

ҚР 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеуші – «QazIndustry» АҚ экспортты дамыту және ілгерілетудің жоспарын таныстырды

ҚР жаңа индустриялық саясаты шеңберінде экспорттаушылармен жұмыс жөнінде «біраңғай терезе» құру ұсынылды.Сауда-өнеркәсіп саясатында бағдарлама әзірлеушілері экспортқа бағдарланған индустрияны дамытуға басымдық берген. «QazIndustry» АҚ Экспортты ілгерілету дирекциясы жетекшісінің орынбасары Роза Бөлінбаеваның айтуынша, бүгінде экспорттаушылар мәселелермен қайда баруды, бір жерден барлық қажетті ақпаратты қайда алуды білмейді.

«Қазақстанда экспорт саясатымен айналысатын бірнеше инстанция бар. Біз экспортты ілгерілетуге қатысушылар мен мемлекеттік органдар арасындағы қолданыстағы  өзара әрекеттесу схемасын қайта қарауды ұсынамыз», – деді Роза Бөлінбаева.

 «QazIndustry» экспортты ілгерілетуде негізгі орган ретінде ҚР Премьер-Министрі жанындағы Экспорт жөніндегі кеңесті белгілеуді ұсынады. Аталған Кеңес экспорт дамуының стратегиялық маңызды бағыттарын белгілеуге және Ведомствоаралық комиссияны қарастыруға жауапты болады.

 «Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті ретінде салалық бағдарламалардың Ұлттық экспорттық стратегияға сәйкестігіне аудит жүргізу деп топшылаймыз. Өйткені іс жүзенде экспорттаушылар тиісті ілгерілету инфрақұрылымының болмауына тап болып жатады. Мәселен, ет сатушыларға нарықтар ашылды, бірақ жоғары тарифтер кедергі болып отыр. Ұн өндірушілер ұнды экспорттай алады, алайда вагондарға қатысты мәселелер бар. Комиссиялар бизнес жүйелі мәселелерін қарайтын болады. Комиссиялар жанында профильді жұмыс комитеттері құрылады, олар экспорт саясатының міндеттерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлейді, тиісті министрліктермен үнемі байланыста болады», – деп түсіндірді құрылымды Роза Бөлінбаева.

 Экспортқа кешенді қолдауды экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор жүзеге асырады. Бағдарламада жүйені орталықсыздандыруға негізгі күш салынады. Әзірлеуші экспортты ілгерілету процесіне жергілікті атқарушы органдарды қосу керек екеніне сенімді.  «QazIndustry» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Бекмағамбетовтың айтуынша, бүгінде жергілікті атқарушы органдар Жол карталарын жүзеге асыру жұмыстарына белсенділік танытпайды, өңірлік сарапшылық кеңестер тиімсіз болып шықты.

 «Санаулы облыстар ғана тиімді жұмыс істейді. Петропавлдағы Кеңес қана нақты мәселені белгілеген шығар. Қалған бағытта Өңірлік сарапшылық кеңестің жұмысы даму институттарына келген мамандарының дәрістерімен шектеледі. Жергілікті құрылымдар облыс мәселелерін көтермейді, экспорттаушылардың мәселелеріне күнделікті мониторинг жүргізетін департаменттер жоқ. Осыған байланысты экспорттаушылармен жұмысты жүзеге асыратын фронт-кеңсе ретіндегі «бірыңғай терезе» құруды ұсынамыз», – деді ол.

«Атамекен» ҚР ҰКП Сауда департаментінің директоры Нұрлыбек Мұқанов «жобалық алқа» форматы жұмысында Ұлттық палатаның тәжірибесін қарауды ұсынды.    

 «Бірыңғай оператор орталықтан жұмыс істейтінін ескерсек, өңірде құжаттарды қабылдау бойынша функцияларды ҰКП-ның өңірлік өкілдіктеріне беруге болады. Қазір KazakhExport-пен жұмыс істеуде мәселелер барын көріп отырмыз. Ақтаудағы кәсіпкер Нұр-Сұлтанға келіп, екі күн ішінде құжат тапсыруға мәжбүр, ал бір апта бойы құжаттар топтамасын қайта әзірлеу қажеттігі туралы жауапты алу  үшін тағы күтеді. Бұл процедуарларды, алғашқы құжаттарды өңірде жинап, кәсіпкердің уақытын үнемдей аламыз», – деді спикер.

 Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева экспорттаушылар мен экспорттық тауарлардың электронды каталогын құру, сондай-ақ экспортты мемлекеттік қолдау схемасын толықтыру қажеттілігіне назар аударды.

 «Экспорттық саясатты қалай ілгерілету керектігін жазбас бұрын, бізге қандай тауарларды экспорттайтынымызды анықтап алған жөн. Тауарлар тізілімі керек, мәселен Ресейде тізілімді бизнес-қауымдастықтар қалыптастырады. Мәселен, Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы 3-4 дизайнерді таныстырады, бұл дизайнерлер шетелдік көрмелерге қатысып, біртіңдеп тізілімді жаңа бизнес-жобалармен толықтырады, осылайа ішкі бәсекелестік артады. Сонымен қатара экспортты мемлекеттік қолдау жүйесінде «Бәйтерек» холдингі және экспортты шетелде ілгерілету орталықтары жетіспейді. Экспортты мемлекеттік қолдау схемасын жұмыс істеп жатқан және жоспарлы схема түрінде толықтыруды ұсынамын», – деді Юлия Якупбаева.

 Сонымен қатар әзірлеушілер экспорттаушыларды ынталатндыру шараларын таныстырды. ҚР 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы экспортқа дейінгі дайындықтан бастап шетедік нарықта өткізу нүктесіне дейін кәсіпкерді сүйемелдеу бойынша операторларды қарастырады. Аталған шара экспорттаушылар санын ұлғайтып, сыртқы нарықтарға тұрақты жеткізілімдер санын арттырады. Экспорттаушылардың біліктілігін арттыруға Профильді орталық құру және «Made in Kazakhstan» брендін қайта қарау ұсынылды.

 «Қазіргі жұмыс істеп жатқан бренд негізінен ішкі нарыққа бағдарланған.  Біз оның филасофиясын қайта қарауды, өнімдердің икемді тізбесін жасап: органикалық таза, ең табиғи киім философиясына жүгінуді ұсынамыз. Мұндай орта бренд шағын, шетелдік нарықтарда таныстырылмаған өндірушілерге тиімді болады», – деді Мұрат Бекмағамбетов.  

Жиын барысында ЕАЭО және ДСҰ-ның сауда-өнеркәсіп және интеграциялық саясаты қаралды. Өкінішке қарай, интеграциялық саясатты автономды жағдай ретінде қабылдайды, деп бөлісті өз ойымен «ФармМед Қазақстан Индустриясы» қауымдастығы ЗТБ президенті Руслан Сұлтанов.

«Негізінде көзқарастың өзі дұрыс емес. Интеграциялық саясат өндірушілерімізге жаңа нарықтарды құруға мүмкіндік береді. Біз бірнеше бағыттарда дамуды ұсынамыз. Бірінші кезекте, өнеркәсіптік кешендер кооперацияларын дамыту. Екіншіден – кедендік-тарифтік қорғаудың оңтайлы деңгейін әзіреу мақсатында, оның ішінде үшінші елдермен Еркін сауда аймақтары бойынша келіссөздер шеңберінде салаларды талдау. ЕАЭО-да шектеулер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, оңтайлы субсидиялау саясатын жүзеге асыру және Одақ нарығында отандық тауарларға қатысты әділсіз бәсекелестік факторларды анықтау бойынша жүйені жолға қою, бастысы бұзушылықтарды жылдам тауып, жойып отыру керек», – деп ұсынды Руслан Сұлтанов.

Тау-кен қазу және тау-кен металлургиялық кәсіпорынлардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ Талдау департаментінің сарапшысы Рустам Шунтуков ірі кәсіпорындар және еркін экономикалық аймақтар жанында жергілікті қамтуды дамыту бойынша шараларды күшейту мақсаттылығын қарауға қайта оралу қажеттілігін алға тартты.

 Оған жауап ретінде «QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов ел бойынша ірі кәсіпорындар жанында бірқатар еркін экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтар барын айтты.

 «Бүгінде дайын өнімді шығарумен ШОБ белдеуін құруға арналған шикізат пен жартылай фабрикаттар өндірісі бойынша ірі интегратор-кәсіпорындар жанында арнайы экономикалық аймақтар және индустриялық аймақтар бар. Алайда бірқатар жүйелі мәселелерге байланысты, қазіргі таңда ірі кәсіпорныдар жанында тұтынушы кәсіпорындар дамымай жатыр. Мәселен, ірі шикізат өндіруші ресейлік нарыққа металды ішкі нарықтағы бағадан төмен бағамен жеткізеді. Бағалық дискриминация орын алады. Екінші жағынна тура осындай ірі кәсіпорын 70-жылдар аяғында тиімді болған «заманауи» өнім шығарады, яғни отандық өнімнің сапасы заманауи сұраныстан қатты кенжелеп барады. Бірінші кезекте ірі кәсіпорнының өзін қажетті деңгейге көтеру керек», – деді ол.

 Бұдан бөлек, «QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов ЕЭК-тың үшінші елдерге тауар мен қызметтерді жеткізушілерге шектеу шараларын енгізу бойына ұсынысына баса назар аударуды ұсынды.

 «Біз ЕЭК-тің үшінші елдердің тауарларына қарсы демпингтті баждарды енгізу бойынша бастамаларымен келісеміз. Көп жағдайда мұндай шешімдер экономиканың бірқатар секторларына зиянын тигізді – металл өңдеу өнеркәсібіне, құрылыс секторына, мұнай-газ өнеркәсібіне, тұтыну секторына және т.б. шикізат пен компоненттердің өзіндік құнының өсуі орын алды. Сондықтан, шешім қабылдарда, өндірістің ғана емес, ішкі тұтытуншылар мүддесін де ескеру керек», – деді Тұрар Жолмағамбетов.

 Қорытындылай келе, Юлия Якупбаева экспортты дамыту және ілгерілету жүйесін қайта қарауды, экспорт акселерациясы және экспорт бойынша оқу орталықтарын құру мәселелерін қайта қарау қажеттігін атап өтті.

 Естеріңізге салсақ, индустриялаудың үшін кезеңі экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін одан әрі арттыруға бағытталады. Онда негізгі басымдық кәсіпорындардың төрт тобына жасалған: «Жаңа индустриялық ойыншылар», «Мықты тыл», «Өсу драйверлері», «Салмақты орталықтар». Сәйкесінше, әр топ бойынша басымдыққа ие тауралар тізбесіне сәйкес жекелей қолдау шаралары қолданылады.  

 16 тамызда «Атамекен» алаңында Индустрия 4.0. Цифрлық және өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылау жөнінде жиын өтеді.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер