astana-view

Кәсіпорындар «жасыл» экономикаға қарай бет бұруда

2019 жылғы 15 Тамыз
5295 просмотров

 «Атамекен» ҰКП экологиялық және ресурстарды үнемдейтін жобалары қолдау мақсатында «Жасыл кәсіп» бастамасын іске қосуда. Бұл туралы баспасөз-конференциясы барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт мәлімдеді

Кәсіпкерлер энергияны үнемдеу және бизнесті экологияландыру мәселелеріне анағұрлым байыпты қарайтын болды. Алайда, қазіргі таңда экономиканың энергия сыйымдылығын төмендету әлеуеті орындалмай отыр.  

 «Алты жыл ішінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Бірақ, сандарға қарайтын болсақ, әсіресе экономиканың нақты секторында энергия сыйымдылығының айтарлықтай төмендеуі жоқ. Халықаралық энергетика агенттігінің экономикалардың энергия сыйымдылығы рейтингінде Қазақстан 143 ел арасында 119-орында. Біз талдау жүргіздік, Қазақстанда шамамен 25 мың субъект энергия тимділік саясатын контурында тұр, бірақ небәрі 2% ғана энегрияны үнемдеу жоспарын әзірлеген. Бұл бизнестің, бірінші кезекте нақты сектордың төмен қамтылуын және энергияны үнемдеу бойынша саясатты қайта қарау қажеттілігін көрсетеді», – деді Евгений Больгерт.

 Спикер энергияны үнемдеу саясатын жүзеге асыру мысалы ретінде Германия, Татарстан және Беларусьтің тәжірибесін келтірді. Бұл елдер бизнеске белгілібір міндеттемелерді қоятын әкімшілік әдіс және ынталандырушы шараларды дұрыс қолдану арасында теңгерімді тапқан. Бұл теңгерім салаларда «жасыл» технологияларды енгізуді тездетуге мүмкіндік жасады. Спикердің айтуынша, белгіленген индикаторларды тиімді жүзеге асыру үшін Экономиканың энергия сыйымдылығын төмендету бойынша кешенді жоспар әзірлеп, оған базалық салаларды қосу қажет.

 «Бізге әдістерді біріктіріп, экономиканың нақты секторына қарай ынталандыру мен қолдау механизмдерін  бағыттауымыз керек. Әкімшілік тәсілден және коммуналдық секторды ғана қолдаудан кетуіміз керек. «Ақылды» көше жарығы – бұл жақсы, бірақ мұндай жобалар энергия ресурстарын тұтыну төменділігін бермей отыр. Энергияны үнемдейтін ірі және орта кәсіпорындармен жұмыс істеу керек, оларға өзіндік құнды түсіруге көмектесіп, Қазақстан ішінде энегриялық тиімді өндірісті дамыту керек, – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

 Сонымен қатар ЕАЭО-да жүріп жатқан процестерден қалып қоймау үшін  ресурстарды үнемдеу саласында техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу керек. Естерңізге салсақ, 8 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі Шолпан-Атада бірқатар құжаттарға қол қойды, соның ішінде энергия тұтынатын құрылғылардың энергия тиімділігіне тлаптар қоятын ЕАЭО техникалық регламенті де бар.

Евгений Больгерттің айтуынша,  «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы секілді  салалар көшбасшыларымен «жасыл» технологияларды енгізу елдің өндірістік секторын «көгалдандыруға» серпін береді.

«Ірі бизнес ретінде жауапкершілікті түсіне отырып, біз нық қадамдар жасаудамыз және қоршаған ортаны сақтау мәселесіне немқұрайлы қарап отыра алмаймыз. Атап айтқанда, «ҚАМҚОР GREEN» тұжырымдамасында «жасыл» экономикаға өту бойынша барлық бағыттар мен қадамдар көрсетілген. Біз теміржол саласына экологияландыруды енгізуде локомотив болуға қуаныштымыз. «ҚАМҚОР GREEN» бағдарламасын Alstom, Wabtec компаниялары, сондай-ақ елдің эколгиялық қоғамдастығы қолдады», – деді «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының Бас директоры Диас Сүлейменов.

Компанияның «жасыл» бағдарламасы 10 жылға есептелген және моноқалаларды көгалдандырудан бастап композитті-полимерлі шпалдарды өндіруге дейін 5 негізгі жобаны қамтиды. Компания 2030 жылға дейін Қазақстанның шағын қалаларында 51 мың түп ағаш отырғызуды көздеп отыр, оның негізгі мақсаты – парниктің газдардың бөлінуін 100%-ға қысқарту.

Таныстырылымды аяқтау кезеніде «Қамқор Менеджмент компаниялар тобы және «Жасыл экономика үшін» және G-Global-ды дамыту коалициясы» «жасыл»экономика мәселелері жөнінде ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойды. 14 қыркүйек күні «Kamkor Park» – Аягөз, Шалқар, Қазалы және Шар шағын қалаларында 2000 түп қылқан жапырақты көшеттерді отырғызу бойынша алғашқы акция өтеді. Дәл осы күні бүкіл Қазақстан бойынша Холдингтің қызметкерлері «Таза Қазақстан» ауқымды акциясын өткізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер