astana-view

«Атамекен» айырбастау пунктеріне қатысты талаптарды қолдамайды

2019 жылғы 22 Тамыз
5234 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларының жаңа ережелері бойынша бизнестің ұсыныстары жинақталды

Естеріңізге салсақ, Жоба келесі түзетулерді қарастырады:

  1. Уәкілетті ұйымдарға (айырбастау пунктері) жарғылық капиталды   100 000 000 теңгеге дейін ұлғайтуы керек. Қолданыстағы редакцияға сәйкес республикалық маңызы бар қалалардағы айырбастау пунктері үшін 30 млн теңге, қалалық айырбас пінктері үшін – 20 млн теңге және өңірлік айырбастау пунктері үшін 10 млн теңгеге дейін ұлғайту міндеттеледі.
  2. Айырбастау пунктері өздерінің банк шоттарында теңгеде немесе шетелдік валютада жарғылық капитал (қосымша қор) сомасынан 20% мөлшерде ақшаның болуын қамтамасыз етуі керек. 
  3. Кез келген соманы айырбастау кезінде клиенттер жеке куәлік деректері, ЖСН және тұрғылықты жер туралы деректерді берулері шарт (бүгінде аталған талап 500 мың теңгеден астам мәмілелер үшін қолданылады).
  4. Айырбастау пунктерінің жұмыс істеу уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін өзгеруі. Қазіргі таңда айырбастау пунктінің жұмыс істеу уақытын иесі өзі белгілейді.

Жиналған дәйектер негізінде Ұлттық банкке Теріс сараптамалық қорытынды жіберілді.

 Айырбастау пунктерінің қызметі үшінші тұлғалардан ақша тартумен байланысты емес. Кәсіпкерлердің ескертуі бойынша – жарғылық капиталға талаптарды ұлғайту – айырбастау пунктерінің жаппай жабылуына себеп болып, бәсекелестікті азайтады және валюта айырбастау нарығын монополизациялауға әкеп соғады.

Осы ретте жарғылық капитал сомасынан  20 пайызды сақтық қорда сақтау кәсіпкерлердің шотында шамамен 50 млрд теңгені «қатырып»,  айырбастау пунктері үшін айналым қаражытының тапшылығын тудырады, алайда көрсетілетін қызметтің қолжетімділігіне әсер етпейді. Сәйкесінше, аталған ұйымдарға қатысты капитализациялау мен қаражатты резервтеу бойынша қатаң талаптарды артық деп санаймыз.

 Клиенттерден тұрғылықты мекенжайды сұрату бойынша талаптар айтарлықтай қолайсыздық әкеледі. Егер айырбастау пунктерінің қызметкерлері клиенттің жеке деректерін жеке куәліктен алса, ал тұрғылықты мекенжайды тексеру мүмкін емес.  

 Мәміленің шекті мәнін төмендету, мәміле кезінде құжаттарды тексеру – қызмет көрсету жылдамдығын төмендетеді, бірақ халық арасында валютаға деген сұранысты азайтпайды. Тура солай жұмыс істеу режимін сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін шектеу де нәтиже бермейді. 

Тұтастай алғанда заңды жұмыс істейтін айырбастау пунктері бизнесіне қосымша кедергілер баламалы «көлеңкелі нарықты» түзеуі мүмкін, онда жеке деректерді беру қажет етілмейді, «ресми» және «ресми емес» курстарға сәйкес жұмыс уақыты шектелмейді.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобамен қарастырылған шаралар әзірлеуші көздеген нәтижеге әкелмейді, бірақ нарықтың осы сегментінде еңбек ететін бизнеске кедергілер мен халыққа қолайсыздық әкеледі деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер