astana-view

АЛМАТЫҒА «БАСТАУ» ЖОБАСЫ бойынша ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕР ҚАЖЕТ

2019 жылғы 28 Тамыз
- Алматы қаласы
5764 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы «Бастау» жобасы аясында, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша, үйлестірушілерге бос орындардың ашылғанын хабарлайды.

Үйлестірушінің функциялық міндеттері:

  • жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған аудандарды жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпараттандыру, жобаның әлеуетті қатысушыларының тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету;
  • жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық жобасын іске асыру мақсатын белгілеу (оның ішінде жұмыс топтарына қатысу);
  • жоба шеңберінде тәжірбиелік сабақтарды дайындау және өткізуге байланысты – ұйымдастыру мәселелерін шешу;
  • бизнес-жаттықтырушымен келісу және сабақтардың жоспар/кестесін күн сайын орналастыру;
  • бизнес-жаттықтырушымен келісу, түзету, жобаға қатысушыларға жеке кеңестердің кестесін жеткізу;
  • тапсырыс берушінің байланыс орталығымен «кері байланысты» қамтамасыз ету;
  • оқыту сапасын талдау және жобаға қатысушылардың келуін қамтамасыз ету;
  • оқу бағытының үздіксіз жүруін қамтамасыз ету;
  • жобаға қатысушыларға қоңырау шалу арқылы, жүргізілетін оқытудың тиімділігін талдау;
  • жоба шеңберінде бизнес-жоспарды дайындау және алдын ала қорғау кезінде білім алушыларға жәрдемдесу (қажетті құжаттарды жинау, кеңес беру және т. б.);
  • іске қосылған бизнес-жобаларды сүйемелдеу (12 ай ішінде);
  • жоба бойынша қажетті мерзімде есеп беру ақпаратын дайындау және т.б. (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептер).

Біліктілік талаптары:   

                                     

Аталған жұмыс Сіздің қызығушылығынызды танытқан жағдайда түйіндемеңізді m.duisenbayeva@atameken.kz поштасына жіберуіңізге болады. Байланыс нөмірлері 8 (727) 331 01 33 ішкі байл. (7572), мекенжайымыз: Жібек жолы даңғылы, 135, 2 блок, 8 қабат, 11 кабинет. Сілтеме: http://atameken.kz/ru/pages/937-kordinatory-proekta

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер