astana-view

Әлемдік рекорд: жаңарқалық 1000 шаруа бір мезгілде 10 мың литр қымыз дайындады

2019 жылғы 16 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
9412 просмотров

Қазақстанда алғаш рет қымыз пісуден әлемдік рекорд орнатылды. Ауқымды іс-шараны Қарағанды облысының шаруалары Жаңақорған ауданының 90 жылдығы және Сәкен Сейфуллиннің 125-жылдығына орай ұйымдастырды

Жергілікті шаруалар туған өлкені бүкіл әлемге танытуды жоспарлады. Жетістікті халықаралық сарапшылар белгілеп алды. Ерекше акцияға ауданның 12 ауылы және 2 кентінен келген 1000 адам қатысты. Олар бір мезгілде 10 мың литр қымызды 1 мың күбіде дайындады

«Мен осы рекордты жазып алу үшін Кубадан арнайы келдім. Ол сусынның дайындалу көлемі, қатысушылар саны және пайдаланылған ыдыс бойынша саналатын болады. Бізді сан алуан түрлі рекордтар бар, алайда мұндай рекордты алғаш көруім. Біз барлығын тексеріп, өлшеп алдық. Бір ай ішінде нәтиже ресми сайтымызда жарияланады», – деді Гиннес рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас.

Осы күні Жаңаарқа ауданының басшылығына орнатылған рекорд туралы куәландыратын сертификат берілді.

 Қарағандылықтардың жетістігін қайталау өте қиын болады, деп санайды Гиннес рекордтар кітабының Қазақстандағы ресми өкілі.

«Біз жаңаарқалықтар және ұлттық сусынымыз бүкіл әлемге танылатынын мақтан тұтамыз. Қымыз өте пайдалы. Барлығы бірдей киім тігіп, күбілерді таңбамен әшекейледі. Бұл межеге талпындық, еңбек еттік, рекордтар кітабы өкілдігімен келіссөздер жүргіздік. Осы мәселеде фермерлерге үлкен қолдауды «Атамекен» ҰКП көрсетті, сонымен қатар аудан және облыс әкімшілігі көмектесті», – деді ұйымдастырушы,  жергілікті кәсіпкер Нұргүл Орынбасарқызы.

 Мерейтойлы іс-шара Атасу ауылынан 3 шақырым жердегі Қарауыл төбеде жалғасты. Жазықта 60-тан астам үй тігілді. Түрлі алаңдарда ұлттық спорт ойындары: қазақ спорты,  аударыспақ, түйе палуан и қол күрес өтті. Гала-концертте отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер