astana-view

Кәсіпкерлер назарына: «Самұрық-Қазына» қоры сатып алуларының ережелері өзгерді

2019 жылғы 19 Қыркүйек
6563 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңы 19-бабының (Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 202-VІ Заңы) жүзеге асырылуына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және дауыс беру акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қорға тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенім құқығымен тиесілі ұйымдар үшін сатып алуды басқару стандартын (ары қарай – Стандарт) бекіткенін хабарлайды.

Аталған Стандарт Қор құрамына кіретін компаниялар тобының сатып алу процестерін реттейді, және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Осы құжаттың отандық бизнес-қоғамдастық үшін маңыздылығын ескере отырып,  құрметті кәсіпкерлер, сіздерден құжатпен танысуды, егер ұсыныстар мен ескертпелер болса, оларды «Атамекен» ҰР ҰКП Сатып алулар және жергілікті қамту департаменті мекенжайына жіберуді сұраймыз.

Анықтама ақпарат: «Атамекен» ҰР ҰКП Сатып алулар және жергілікті қамту департаменті, +7 (7172) 27 04 53.

Қосымша: Сатып алулар қызметін басқару стандарты

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер