astana-view

Тимур Құлыбаев қарағандылық кәсіпкерлерге бизнестің негізгі мәселелері бойынша жобалық топты құруды ұсынды

2019 жылғы 27 Қыркүйек
5754 просмотров

Өңір кәсіпкерлерімен өткен кездесу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев облыстағы бизнес дамуының жүйелі мәселелері мен негізгі бағыттарын айтты. Тимур Құлыбаевтың пікірінше, бизнесмендердің көптеген мәселелерін облыс деңгейде жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып шешуге болады

«Жүйелі мәселелер ішінен қаржы қолжетімділігін айтуға болады. Бұл ситуациядан қалай шығатынымызды Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктер деңгейінде талқылау қажет. Кеше Министрлер кабинетінің отырысында екінші деңгейлі банктер тарапынан ұсынылатын қаржы қолжетімділігі күрт төмендеп кеткенін талқыладық. Ел бойынша экономиканы несиелеу төмендегенін көріп отырмыз. Бұл кері тенденция, біз оны реттеу бойынша жұмыс істейтін боламыз», – деді ҰКП Төралқа Төрағасы.

 Өңірдегі бизнесті дамуына қатысты Тимур Құлыбаев облыста шағын және орта бизнестің рөлі артып келе жатқанын айтты. «Атамекен» ҰКП деректері бойынша 2018 жылы ШОБ өнім шығаруының көлемі 1 325 млрд теңгені құраған, бұл көрсеткіш ірі отандық кәсіпорындармен пара-пар, өңірде жұмыспен қамтылудың 35%-ы шағын және орта бизнес саласында.

 «Бүгін ҰКП көтерген  мәселелер бойынша облыс әкімінің жетекшілігі және даму институттарының қатысуымен келесі бағыттар: импортты алмастыру, жер қойнауын пайдалану, металлургия, металл жаймалау бойынша жобалық топты құруды ұсынамын», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.  

 «Атмекена» басшысы, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың назарын «Сатып алулардың бірыңғай терезісі» порталына (eoz.kz) аударды, онда Қаржы министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ, «ҚазАгро», «Самұрық-Қазына», NADLoC порталдарының деректер базасы біріктірілген.

«Жер қойнауын пайдаланушыларының барлығы осы алаңға кіруі керек. Осы байқауларда өз өніміңмен қатысуға мүмкіндік бар, ол үшін «Атамекеннен» Индустриялық сертификатты алу керек және сіздер бірден деректер базасына еніп, осы сатып алуларға адал жеткізуші ретінде қатысып отырасыздар», – деді ҰКП басшысы.

«Атамекен» мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірлесуімен жүзеге асқан тағы бір жоба – «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесі. Жоба мемлекеттік қолдау шараларына, кәсіпорындардың жүктелуінің тиімділігіне мониторинг жүргізуге, кооперация және шығарылатын өнімнің өткізуін кеңейту мақсатында  кәсіпорындарға контрагенттер табуға арналған. Іске асырудың бірінші кезеңінде, елдің 2000-нан астам өңдеуші кәсіпорнын қамту жоспарланған, соның ішінде 352 кәсіпорын Қарағанды облысында орналасқан.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер