astana-view

Тәркіленген алғашқы вагон иесіне қайтарылды

2019 жылғы 02 Қазан
7647 просмотров

Сот үкімі бойынша вагондарды тәркілеу проблемасы жүйелі мәселеге айналған

Соңғы кездері Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден сот тәртібінде вагонды тәркілеу кезінде құқық қолдану практикасын шығаруда көмек беру мәселесі бойынша кәсіпкерлерден өтінімдер жиі келіп түсуде. Алайда бұл ретте тауар пойыздары туралы айтылып жатыр, егер қылмыс жолашылар пойызында орын алса, мүлікті ешкім тәркілемейді.

«Премиум ойл транс» ЖШС  өзінің Атырау облысы Жылыой аудандық сотымен мемлекет кірісіне тәркіленген вагон-цистерна түріндегі айғақты затын қайтара алмады. Осы ретте келтірілген шығын 9 млн теңгені құрады.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың өзінде осыған ұқсас мәселемен «Атамекеннен» «Премиум Ойл Транс» ЖШС, Қазақстан Жолаушылар және вагон операторлары қауымдастығы, «Олжа» АҚ және басқа да компаниялар көмек сұраған.

 Аталған мәселеден бөлек кәсіпкерлер «Атамекенге» қылмыстық қудалау органдарына шағымданумен өтінім түсіреді, аталған органдар вагондарды айғақты дәлел ретінде оларды қылмыстық іс материалдарына қосу туралы қабылданған шешім жайында хабарламайды, ал соттар заттай дәлелдердің ары қарайғы тағдырын анықтамайды.

 «Атамекен» жоғарыда аталған мәселелерді Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөнінде сот алқасының төрағасына 2019 жылдың сәуірінде Жоғарғы Сот жиынында хат түрінде, сондай-ақ ағымдағы жылдың 20 мауысымында Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасының жеке қабылдауында хабарлаған болатын.

 Нәтижесінде Жоғарғы Сот 24 қыркүйекте «Премиум ойл транс» ЖШС вагон-цистернасын тәркілеу туралы шешімнің күшін жойды.  

 Енді қалған операторлар өздерінің тәркіленген вагондары бойынша мәселелерін шеше алады деген үміт бар.

 Естеріңізге салсақ, теміржол вагондарының операторлары жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға жүк тасымалдаушылармен келісімшарттар жасайды және вагондарды беруге тапсырыстар алады.

Жол үстінде вагондар процестік шешімдерді қабылдау істері бойынша  шешім қабылдауға дейін,  ал кейбір жағдайларда іс бойынша үкім шығару және оны орындауға дейін тоқтатылады. Бұл процесс  орта есеппен 10 айдан 18 айға дейін уақыт алады.

 Қылмыстық қудалау органдары ұсталған вагондарды қылмыстық іс материалдарына қылмыс құралы түрінде айғақты дәлелер ретінде қосу туралы қаулы шығарады.

 Ары қарай соттың үкімімен Жүк жөнелтуші мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеуде айыпты болып танылады (ҚР ҚК 197-бап), ал вагондар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 118-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде тәркіленеді.

 Кәсіпкерлердің өтінімдері  назар алуға тұрарлық деп бағалануда.

 Жоғарғы Соттың «Қылмыстық жазаның кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативті қаулысының 20-тармағында мүліктің тәркіленген заттарға қатысты болуы ҚІЖК-нің 113-бабы 3-бөлігінің ережелері негізінде дәлелдеу нысанасына енгізілген мән-жай болып табылады делінген.

 Осыған байланысты тәркілеу туралы мәселені шешу, соның ішінде үшінші тұлғаларға рәсімделген вагондарды тәркілеу кезінде соттар міндетті тәртіпте осы мүліктің және осы мүлік сатып алынған қаражаттың шығу түбін негіздейтін дәлелдемедерді тексеруі керек. Егер іс бойынша мүліктің шығу түбінің қылмыстық сипаттамасы туралы мәліметтер болмаса, мүлікті тәркілеу тағайындалмайды.

Алайда Нормативті қаулының белгіленген талаптары аталған категориядағы істерді қарауда және вагондарды тәркілеу туралы үкім бойынша шешім қабылдауда қажетті деңгейде орындалмайды.

 Вагондар (иелері) операторлары тергеу кезеңінде де, соттың істі қарауы кезінде де қылмыстық процестің қатысушы ретінде танылмайды. Осылайша олардың жасалған қылмысқа қатысу деңгейі белгіленбейді.

 Жоғарғы Соттың  жоғарыда аталған Нормативті қаулысына сәйкес сотталған тұлға немесе үшінші тұлғалардың меншігінде болған, қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған ақшаға алынған мүлігін,  сонымен қатар қылмыстық істің сайманы немесе құралы болып табылатын  мүлік қана тәркілеуге жатады делінген.

 Егер іс бойынша мүліктің шығу түбі бойынша қылмыстық сипат туралы мәліметтер болмаса немесе мүлік тіптен танылмаса, мүлікті тәркілеу тағайындалмайды.

 «Теміржол көлігі туралы» Заңы 43-бабының 3-тармақшасына сәйкес Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ ол теміржол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен, дәл еместiгiнен немесе толық еместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады.

 Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пікірінше, вагондар операторларының кінәсі болмаған кезде вагондарды қылмыстық құқық бұзу құралы ретінде тәркілеу туралы үкім бойынша соттардың шешімдері  әділетсіз, өйткені кәсіпкерге-мүлік иесіне айтарлықтай материалдық шығын жасалады.

 Фото: pixabay.com 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер