astana-view

«Атамекенде» жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысты айтылған сынға жауап берілді

2019 жылғы 04 Қазан
8244 просмотров

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев өзінің Facebook-тегі парақшасында Ұлттық палатаның жұмыссыздарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және оларды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламасының тиімділігі туралы айтты

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев өзінің Facebook-тегі парақшасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жуырда кейбір мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне күмән келтірген Гүлжан Қарағұсованың сынына жауап жазды.

Гүлжан Қарағұсованың айтқаны:

«Біз «Атамекенге» оқыту, қайта оқыту және микронесиелеуге толассыз қаражат бердік. Жұмыспен қамту деп аталатын бағдарламаларға қанша қаражат жұмсалды, олардың (бағдарламалардың) тиімділігі туралы біз бірнеше рет мәселе көтергенбіз...». «Гүлжан Жанпейісқызы, 2017 жылдан бері іске асырылып жатқан «Бастау» жобасын меңзеген болар. Бұл жоба бойынша жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бір айы бойы кәсіпкерлік негіздеріне оқиды, бизнес-жоспарлар жазады. Ары қарай комиссия алдында бизнес-жоспарларын қорғайды, егер жобалары мақұлданса, қатысушылар жеңілдікпен несие (жылдық 6%) және гранттарды иеленуге мүмкіндік алады», – деп жазады Эльдар Жұмағазиев.

 «Бағдарлама аясында 76 268 адамды оқыттық. 2019 жылдың соңына дейін тағы 40 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Бағдарламада – оқып шыққандардың 20%-ын қаржыландыруға дейін жеткізу бойынша индикатив белгіленген. Ағымдағы жылдың 4 қазанында жобаға қатысқандардың ішінен 20 298 адам, бұл дегеніміз 26,6%, жеке кәсіптерін ашты. Олардың 93%-ы салық төлеп отыр! 2019 жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 620 млн теңге салық төленген. Олар кешегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар екенін ескерген жөн!» – деді Басқарма Төрағасының орынбасары.


Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, жобаға қатысушылар активтерінің жалпы сомасы 35 млрд теңгені құраған (кепілзатқа микронесиелеу көлемі). Өндірілген өнім және олар көрсеткен қызмет көлемі 50 млрд теңгені құрады, яғни қолдау шаралардың  әр теңгесіне өнім/қызметтен 1,8 теңге келіп тұр. Жобалардың басым үлесі АӨК саласында іске асырылуда.  

 Жоба қатысушыларын өндірістік-өткізу тізбектеріне жұмылдырып жатырмыз.

Мәселен, «бастаулықтар» Қостанай және Жамбыл облыстарында өндіру кәсіпорындары – сүт зауыттарының, БҚО-да консервіленген өнім өндірісі бойынша зауыттың жеткізушілері болып жұмыс істеп жатыр. Алайда, өткен жылдың соңынан бері бағыт өзгере бастады. Бүгінде жоба қатысушылары бизнесте қызмет көрсету және тауар өндіруге қарай бағдарлануда. Атап айтқанда, ТЖО, сұлулық салондары, қоғамдық тамақтану, киім тігу, өнім өндіру және т.б», – деп жалғастырды Эльдар Жұмағазиев.

«Кері байланыс» қамтамасыз етілген – қатысушыларды оқыту, қаржыландыру, сүйемелдеу, жоба қатысушысының дамуы, қаржыландыру көздерінің қолжетімділігі, ары қарай өсу және кеңейту қажеттілігіне үнемі мониторинг жүргізіледі. CRM-жүйеміз жуық арада Мемлекеттік кірістер комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және басқа да қаржы институттарының деректер базасымен біріктіріледі.

Нақты айтқанда – 2019 жылдың қорытындысы бойынша 116 мың адамды оқытамыз, 40 мың жұмыс орны құрылады. 2017-2019 жылдар аралығында оқытуға 9,4 млрд теңге игеріледі. Нәтижесінде бір жұмыс орнының өзіндік құны 235 мың теңгені құрайды. Бұл депутат Гүлжан Қарағұсова айтқан бағдарлама тиімділігінің негізгі көрсеткіші. Депутат ханымға жұмыссыздардың тағдырына алаңдаушылық білдіргені үшін  ризашылығымды білдіремін. Жобаға жыл сайын 600 адамнан (бизнес-тренерлер, психологтар, үйлестірушілер және т.б.) тұратын команда атсалысады, олардың әрқайсысында нақты қызметі мен индикативтері бар. Біз жұмысымызды сыни тұрғыда бағалаймыз, өйткені әр бизнес-жобаның артында адам мен оның отбасы тағдыры жатыр. Әрине, қатысушылардың барлығы бірдей кәсіпкер болмайтыны түсінікті. Оқу бағдарламасы несиені ең жақсы дайындалғандар ғана алатындай құрылған. Ал қаржы алмаған қатысушылар, қосымша білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік алғандары үшін мемлекетке алғыс білдіруде», – деді спикер.  

 Сөзінің соңында Эльдар Жұмағазиев жобаны жүзеге асыру аясында мәселелер барын атап өтті, «Атамекен» ҰКП оларды реттеу бойынша жұмыс жүргізуде. «Оқу бағдарламсын жетілдіру, оны жоба қатысушылардың талаптары мен қажеттіліктеріне қарай бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Практикалық жаттығулардың саны артады. Бағдарламаның онлайн-нұсқасын әзірлеудеміз, тренерлердің біліктілігін жетілдіріп, оларға қойылған талаптарды жоғарылату көзделген».

 Бағдарламадағы басымдық жұмыс істеп жатқан қатысушыларға қарай бағытталады. Ел ауқымында өткізу тізбектері (тұрлаулы өткізу) құрылатын болады, осылайша осы тізбектерге қосылу арқылы жоба қатысушысы «Бастау» сретификатын ала алады», – деп қорытындылады «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.  

Дереккөз: inbusiness.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер