astana-view

Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады

2019 жылғы 23 Қазан
6304 просмотров

Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды www.akorda.kz

 Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық палатаның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары, сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдау жөнінде қабылданып жатқан нақты шаралар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі микро және шағын бизнесті дамытып, кәсіпкерліктің осы категориясы үшін салықтан босату жүйесін тиімді пайдалану маңызды екеніне баса назар аударды. Президент шағын бизнестің ауқымын арттыру мақсатында жаңа бастаған кәсіпкерлерді жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет деп есептейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер