astana-view

Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын біріктіру ұсынылды

2019 жылғы 25 Қазан
6102 просмотров

Бұл жұмыс олардың тиімділігін бағалауға көмектеседі, деп санайды «Атамекен» мамандары

Мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары мен қызметтерін офлайн және онлайн режимдерінде бір терезеге біріктіруді «Атамекен» Ұлтттық кәсіпкерлер палатасында ұсынды, деп хабарлайды Kapital.kz.

«Бүгінде қандай мәселелер бар – бұл бірыңғай терезенің болмауы, аумақтық шашыраңқылық, мемлекеттік қызмет және қолдау шараларын көрсетудің бірыңғай мониторингі жүргізілмейді, мемлекеттік қызметтер бойынша жалпы ақпарат жоқ. Нәтижесінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жобаларының 51%-ы өнімділіктің өсу көрсеткішіне жетпеді, АӨК бойынша субсидия алғандардың 70%-ы түпкі өнім шығаруға бағытталмаған. Біз мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары мен қызметтерді офлайн және онлайн режимінде біріктіруді, кәсіпкерлер жиі шағымданатындықтан – бизнеске қажетті құжаттардың сапасын жақсартуды, мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алу мониторингісін талдау, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруді ұсынамыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Сонымен қатар бизнесте мемлекеттік қатысуды қысқарту керек. Атап айтқанда, қыруар қаражат жұмсалатын мемлекеттік тапсырмалар санын оңтайландыру қажет.

«Жыл сайын түрлі зерттеулерге 23 млрд теңге сомасында қаражат жұмсалады, жекелген зерттеулердің қорытындысы мүлде қолданылмайды. Мемлекеттік тапсырмаларды тексеру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 37 млрд теңгені құрайтын 68 мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруды алып тастау ұсынылды. Осылайша жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге 4 мемлекеттік тапсырманы тоқтатуды», – деді Рустам Жүрсінов.

 ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов соңғы жылдары Қазақстанда іскерлік ахуалды жақсарту бойынша 7 ауқымды заң қабылданғанын атап өтті.

 «Атамекен» сарапышлары 621 жүйелі мәселені анықтады, соның ішінде 490 (79%) мәселе шешімін тапты. Палата бизнестің құқығын 117 млрд теңге көлемінде қорғады. Қазіргі таңда процедуралар санын қысқарту, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар бизнестің уақытша және қаржылық шығындарын төмендетуге бағытталған түзетулердің 8-ші пакетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Рустам Жүрсінов.

 Спикердің айтуынша, 2019 жылдың аяғына қарай қолма-қолсыз транзакциялардың ай сайынғы көлемі 1 трлн теңгеден асқан.

  «Бизнеске салынатын жүктемені азайту мақсатында ҰКП кәсіпкерлердің классикалық POS-терминалдар және бақылау-кассалық машиналарды қолданудың орнына  QR и Tap to Phone пайдаланау отырып мобильді құрылғыларды қолдануы бойынша ынталандыру шараларды пысықтауда», – деді спикер.

 Сондай-ақ, Кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімін құру жөнінде жұмыс жүргізілуде, аталған тізілім мемлекеттік органдардың барлық деректер базасымен біріктірілетін болады. Бизнес-тізілімді іске қосу 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

 Айта кетелік, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Атамекен ҰКП Төралқасы құрамына енді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер