astana-view

«Атамекен» дамуының жаңа цифрлық моделі таныстырылды

2019 жылғы 25 Қазан
7602 просмотров

Ұлттық палата өзінің келешектегі даму моделін – «Digital Atameken» жобасын таныстырды. Оның негізі кәсіпкерлерді оқыту, бизнесті қаржыландыру және халықты жұмыспен қамту мен басқа да сервистерді қамтитын цифрлық платформа болмақ

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының VI  Съезі барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев хабарлады.

 «Ұлттық палатаға 1,3 млн кәсіпкерге арналған тиімді институтқа айналу керек. Біз алдымызға өршіл мақсат қойып отырмыз. Ол үшін не істеу керек? Цифрландыруға көшу. Басқа амал көріп тұрғанымыз жоқ. Digital Atameken сервистер экожүйесінде кәсіпкер өткеретін тіршілік жолын қайталағымыз келеді. Бастапқыда кәсіпкер бизнес негіздерін оқиды, кейін өзіне лайықты бизнес ниша іздейді, мемлекеттік қолдау шарасын алады, тіркеуден өтіп, несие алады, жұмыс істеу үшін өз бизнесіне адамдарды жинайды», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

«Digital Atameken»:  Academy, Maps, Services, G2B, Finance және job сияқты алты компоненттен тұрады. Қазіргі таңда Atameken Academy толық ауқымда жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлік негіздеріне онлайн режимде 25 мыңнан астам қазақстандық оқып шықты.

«Қолданыстағы экожүйе бойынша жекелеген мәселелер бар. Өздеріңізге белгілі, бізде «Бастау», «Жас кәсіпкер», «Бизнес мектеп» және басқа да жобалар бар. Аталған жобалардың түлектері курсты өту жөніндегі сертификаттарды көрсету арқылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, микронесие ұйымдары және екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыруды ала алады. Ал осы бағытта ашықтықтың болмауы және адами фактор басты мәселеге айналды», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

Жоба әзірлеушілері осындай мәселелермен цифрлық форматта күресуді жоспарлап отыр. Оқу, қаржыланыдруға,  қаражат алуға өтінім беруді қоса алғанда барлық кезеңдер онлайн жүргізілетін болады. Ұлттық палатаның болжамдарына сәйкес 2020 жылы оқып шыққан және қаржыландыруға өтінім берген үміткерлерге бөлінетін несиелердің сомасы 30 млрд теңгені құрайды.  

Сонымен қатар Atameken Academy платформасы өз қызметін ұсына алатын жеке компаниялар үшін ашық болады, осы ретте олардың талаптарға сәйкес келуі назарға алынады.

 Пилотттық жоба кезеңінде өзінің қажеттілігін көрсеткен бағы бір сервис Atameken G2B болып отыр, бұл «кәсіпкерлерге арналған egov» іспетті. Жоба ХҚКО, банктер, қорлар, жергілікті атқарушы органдар және нотариустарды кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көппрофильді орталықтың алаңына топтастыра алатын болады.

Осылайша, жаңа цифрлы модель Ұлттық палатаға бизнеске – стартаптардан бастап жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлік субъектілеріне  нағыз мобильді көмекшіге айналуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер