astana-view

Мектеп оқушылары жартылай дайын өнімдер өндірісімен танысты

2019 жылғы 08 Қараша
- Павлодар облысы
5083 просмотров

Шербақты ауданының №3 орта мектебінде кәсіпкерлік негіздері бойынша қонақ дәрісі өтті

Светлана Фисенко 10 жыл бойы отбасылық кәсіпорынды басқарып келеді. Бизнес ханым жартылай дайын өнімдерді шығарады, «Тамаша» кафесіне жетекішілік етеді, кеңсе тауарларын сатады. Қызмет ету аралығында Светлананың қол астында мықты ұжым қалыптасты. Командада қоғамдық тамақтану, сауда саласының 12 білікті маманы жұмыс істейді. Бәсекелестіктің заңдарын жетік білген кәсіпкер тұтынушылардың сұранысын тауарлар ассортиментін ұлғайту, қолайлы баға саясаты және қызмет көрсету сапасы арқылы қанағаттандырмақ.

 «Жақындарым басынан бастап қолдап келеді мені. Жұмыстан қысқарып қалғанымда қалай өмір сүрем деген мәселе тұрды, сонда отбасым менің барлық бастамаларыма қолдау білдірді. Бизнестегі он жыл ішінде түрлі жағдайлар болды. Өсу мен құлай қатар жүрді. Жақындарым арқылы кедергілер оңай өткерілді. Шығарылатын өнім ассортименті кең. Тұшпара, манты, голубцы, вареник өндіреміз. Барлығы табиғи шикізаттан жасалады. Қазір ай сайын 900 келіге дейін өнім сатамыз. Бұдан бөлек, «Тамаша» кафесіне күніне 50-ден 110 адамға дейін мейман келеді. Отбасылық бизнесте маған жолдасым Владимир Петрович көмектеседі, отағасы өнімдерді аудан-ауылдарға өзі жеткізеді, қазіргі таңда жаңа банкет залының құрылысын жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, жуық арада сұлулық салонын ашқалы жатырмыз», – деді Светлана Фисенко.

Кәсіпкер ханымның қонақ дәрісі «Кәсіпкерлік негіздері» элективті пән шеңберінде мектеп оқушыларына өтті.

Жаңа пән осы оқу жылында жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларына енгізілді. Пәннің мақсаты жастардың кәсіпкерлік негіздері, экономика, менеджмент және маркетинг бойынша білімін арттыру. Мектеп оқушылары мұндай сабаққа ерекше ынтамен араласты, қызықты сұрақтар қойды.

 «Бизнестегі табыстылық бірлігі жарасқан ұжымға байланысты. Менің командам білікті мамандардан құралған, олар үнемі жетілу арқылы шеберліктерін шындап отырады, түрлі байқау, жарыстарға қатысады. Қазан айында командамыз республикалық байқауға қатысып, жетістікке жеткені үшін облыс әкімінің мақтау қағазымен марапатталды», – деді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер