astana-view

Gastro City – оқуға арналған жаңа алаң елордада ашылды

2019 жылғы 12 Қараша
- Астана қаласы
8678 просмотров

Нұр-Сұлтанда мейрамхана-қонақүй бизнесі өкілдеріне арнап Gastro City гастрономиялық алаң ашылды

 Жаңа нысанда HoReCa сегментінде шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған кәсіби алаң қарастырылған, онда кәсіпкерлер тауармен қызметтерді ұсынатын адал әрі сенімді жеткізушілерді табуға, сонымен қатар персоналдың біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Gastro City алаңын «МЕТРО Кэш энд Керри Қазақстан» компаниясы НұрСұлтан қаласында «МЕТРО» сауда орталығының алаңында ашты.

 Гастро-алаңның таныстырылымына мейрамханалар, қонақүйлер, мемлекеттік органдар, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. МЕТРО Кэш энд Керри Қазақстан» ЖШС бас директоры Антон ван Горп бизнеске адал серіктестерді табу – Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

 «Компаниямыздың басты миссиясы – бизнеске ең үздік серіктес болуды орындай отырып, кәсіби клиенттерімізге сапалы тауарлар мен қызметтердің сапалы ассортиментін ұсынып қана қоймай, тәжірибе алмасу алаңын, бизнеске арналған дайын шешімдерді қамтасыз ету. Өз кәсібіне деген ынта, гастрономияға сүйіспеншілік және шабытты үнемі іздеу –  HoReCa өкілдерін біріктіретін қасиеттер. Мұның барлығын біздің Gastro City-ден табуға болады», – деді Антон ван Горп.

 Рим мейрамхана мектебінің негізін қалаушы Раушан Сейітованың айтуынша МЕТРО компаниясының қатысуымен кәсіпкер Gastro City әріптестерінің бірі атанған.

 «Бізде корпоратвиті клиенттер және жеке клиенттер үшін ас үй, сервис, мейрамханалық менеджмент, аспаздықта бірнеше бағыттар, түрлі курстар бар. Әр клиентке жекелей қарауға тырысамыз. Сонымен қатар «Үй мейрамханасы» мектебі бар, онда үй шаруасындағы қыз-келіншектерге ас әзірлеу, дастарханды әрлеу өнеріне оқытады. Бізге қонаққа келіңіздер!», – деді Раушан Сейітова.

 Айта кетелік, РИМ мектебі нарықта 14 жыл бойы жұмыс істеп келеді, мектеп Швейцарияның білім беру бағдарламасы стандарттары бойынша HoReCa арнап мамандарды кәсіби дайындаумен айналысады. Мектепті құру идеясы Раушанда 2000-жылдары туған, елорда белсенді даму кезінде нарықтық экономика шарттарында жұмыс істей алатын мамандарға деген тапшылық сезілді. Раушан Сейітованың өзі білімін үнемі жетілдіріп отырады, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-мектебіне де қатысады. Бизнес ханымның айтуынша, «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес Өсу» және басқа да бағдарламалардың тиімділігі жоғары.

 Бұдан бөлек Gastro City алаңында Kazbeef – отандық ет өнімдерін жеткізушілер, табиғи өнімдер, гидропоникалық және ас үйге арналған кәсіби жабдықтар, көше саудасына арналған жылжымалы заттар, «Дұрыс киім» униформа өндірушілерінің өнімі ұсынылған.

 «Кәсіпкерлер палатасы МЕТРО алаңында, енді и Gastro City-де бизнес саласындағы түрлі тақырыптар бойынша оқу курстарын өткізеді. Өткен айда тәлімгерлік қағидатымен үй алдындағы дүкендердің иелері негізінде жобалық дизайн бойынша оқитын кәсіпкерлер үшін сауданы дамыту тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Оқу курсын МЕТРО компаниясының операциялық директоры Константин Макаренко өткізді. Бұдан бөлек, МЕТРО сынды ірі компаниямен бірге кәсіпкерлер жаңа бизнес-нишаларды игере алады. Жалпы, жаңа гастро алаңның Нұр-Сұлтанның нишалық бизнесін шоғырландыру және дамытуда келешегі зор», – деді ӨКП директоры Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер