astana-view

«Атамекен» және Техникалық реттеу комитеті СТ-KZ сертификатын беру механизмін жетілдіру жөнінде мәлімдеме жасады

2019 жылғы 28 Қараша
8190 просмотров

Кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен өтінімдерді есепке ала отырып, құқық қолдану практикасына жасалған талдау қорытындысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы СТ-KZ формасындағы тауардың шығу түбі туралы сертификатты беру механизмін жетілдіру бойынша нақты шараларды әзірледі.

 Аталған шаралар өкілетті орган ретінде Комитет тарапынан да, сертификатты беру органы ретінде ҰКП тарапынан да сертификаттаудың барлық процестерін қамтиды.

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Арман Шаққалиев және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова мәлімдеді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Арман Шаққалиев:

 «СТ-KZ сертификаттарын беру процесі кезеңге бөлінеді: сараптама және сертификатты беру. Сараптама кезеңін жақсарту мақсатында, біз реттеуші орган ретінде атқарылатын жұмысты келесі тәртіпте көреміз:

 Біріншіден, бұл технологиялық процесті, тауардың шығу түбін растайтын құжаттарды, тауарларды сәйкестендіруді, ең бастысы – жергілікті қамту үлесін есептеуді жүргізетін сарапшы-аудиторлар жұмысының сапасы. Сарапшы-аудитор шығаратын негізгі құжат – сараптама актілері, оның негізінде «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палаталары СТ-KZ сертификаттарын береді.

 Бұзушылықтарды азайту үшін, қазіргі таңда біз сарапшы-аудиторлар қызметіне біліктілік талаптарын күшейтудеміз, олардың жауапкершілігін жоғарылатып, сонымен қатар Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде тестілеу енгізу арқылы сарапшыларға жүргізілетін аттестаттауды қатаңдатуды жоспарладық.

 Екіншіден, бизнестен келген өтінімдерге талдау жүргізу нәтижесінде тауар позицияларына қойылатын талаптарды түрлі түсіндіретін тәуекелдер анықталды, олар жекелеген жағдайда технлогиялық оперцияларды екі түрлі жолмен тәржімалауға жол ашады. Мәселен, шетелдік қамту және қарапайым жинау операциялар бойынша талаптардың жиынтығы – даулы әрі бірін-бірі жоққа шығарады.

 Осыған байланысты әр саланың тауар топтары кескінінде технологиялық операцияларды егжей-тегжейлі қарап, нақтылап отырамыз».

 Дана Жүнісова, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары:

 ҰКП, жауапты бизнес және Техникалық реттеу және метрология комитеті арасындағы бірлескен белсенді диалог арқылы біз СТ-KZ үлгісіндегі сертификатты берудің барлық процесін жетілдіру масқатында бірлескен күш салу қажеттілігі туралы өзара келісімге келдік.

 Біз ситуацияға талдау жүргіздік. 2017-2019 жылдары берілген 18 мың сертикат ішінен бізге 112 шағым келіп түсті. Соның ішінде 44 сертификат бойынша шағымдар расталды. Яғни, үш жыл ішінде берілген барлық сертификаттардың небәрі 0,2%-ы.  Осы ретте 44 бұзышулықтың ішінде 40-сарапшы-аудитор әрекетінен орын алған бұзушылықтар.

 Иә, СТ-KZ беру процесі екі кезеңді қамтиды және оның негізінде Техникалық реттеу және метрология комитеті жүйсінде аттестатталған сарапшы-аудиторлардың қызметі жатыр. Бірақ Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қызметкерлері де сертификаттарды берудің түпкі тізбегі ретінде жауапты іс атқарады.

Сондықтан, ҰКП ретінде өз тарапымыздан бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті тағы бір атап өтеміз.

 СТ-KZ сертификаттарын заңсыз берілуін болдыртпау мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палаталары қызметкерлеріне біліктілік талаптары қойылып, жауапркешіліктері күшейтіледі. Сондай-ақ Комитет қызметкерлеріне қол жетімділікті бере отырып, СT-KZ берудің бүкіл бизнес-процесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл жұмыс тиісті камералық бақылау жүргізуге және заңнамаға сәйкес алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Осылайша, процедуралар транспаренттілігінің жоғары деңгейіне, яғни  сертификаттаудың бүкіл процесінің ашықтығы және деректердің бұрмалануын жоюға ұмтылып отырмыз».

 Аталған жұмыс заңнамалық сипатта, сондай-ақ ішкі операциялық процестерден кешенді іс-шаралардан турады, олар жақын жартыжылдықта Іс-шаралардың бірлескен жоспарында белгіленген. Тараптар СТ-KZ сертификаттарын беруде мәселелерді жылдам шешу бойынша келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер