astana-view

Германиядан келген сарапшы картоптан крахмал өндіру бойынша тәжірибесімен бөлісті

2019 жылғы 03 Желтоқсан
- Павлодар облысы
4182 просмотров

Павлодар ауыл шаруашылығы сынақ станциясында картоп өсірушілеріне арналған семинар өтті

Пайдалы іс-шара «Атамекен» ҰКП Біліктілік орталығы ұйымдастыруымен фермерлерге арналған оқу семинарлары циклы шеңберінде өтті.

«Еуроплант» компаниясының өкілі Ханс Громбах крахмалды техникалық картоптан алу агротехникалық шаралар кешенін қолданудың ерекшеліктері туралы айтты, сонымен қатар мұндай іс-шаралар агробизнесті дамытуға өте пайдалы екенін атап өтті.

 «Қазақстанда алғаш рет екі жыл бұрын болдым. «Атамекен» ҰКП ұйымдастырып жатқан семинарлар өте пайдалы. Фермерлерге арналған тегін семинарлар арқылы шаруалар біліктілігін арттып, жаңа технологяидарды игереді. Екі жыл бұрын семинарға қатысқан шаруашылықтар бүгінде көрсеткіштерін жақсартып алған. Бүгін мен шаруаларға крахмал өндіруге анағұрлым қолайлы картоп сұрыптарын айттым, соның ішінде крахмалды өндіруге дейін технологиялар туралы ақпаратпен бөлістім», – деді Ханс Громбах.

«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының АӨК мәселелері жөніндегі орынбасары Жомарт Сембаев өңір үшін аталған тақырып өте өзекті екенін айтты, өйткені бұл жерде крахмал өндіру зауыты салынады.

 «Павлодар» ӘКК төрағасы Александр Бабенко фермерлерге Павлодар облысында техникалық картопты крахмалға өңдеу зауытының құрылыс жобасын таныстырды.

 «Семинарға 30 шаруа қатысты. Шетелдік және отандық сарапшылар техникалық картопты өсіру ерекшеліктерін айтты, қызықты сұрақтарға жауап берді», – деді Жомарт Сембаев.

 Ханс Громбах крахмалдың құрамы неге байланысты және оны картоптан барынша қалай көбірек алуға болатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

 «Құрамында крахмал көлемі көп сұрыптарды таңдау керек. Картоп крахмалын өндіру бойынша ең үлкен өндіріс иелері Қытай, Еуропа елдері және Ресей», – деді Ханс Громбах. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер