astana-view

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында қаралды

2019 жылғы 09 Желтоқсан
- Жетісу облысы
4747 просмотров

Мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесі тұрақты өсіп келеді. 2019 жылдың 10 айы қорытындысына сәйкес Алматы облысында жергілікті қамту үлесі бойынша жеңіл өнеркәсібінде 3%-дан  8%-ға дейін өсу байқалған, жиһаз саласында – 7%-дан 25%-ға, тамақ өнеркәсібінде – 0%-дан 21%-ға, құрылыс материалдары бойынша 3%-дан 48%-ға дейін өсу байқалды

Осы ретте бұл салада барлық мемлекеттік органдардың күшімен кешенді шешімді қажет ететін түйткілді мәселелер бар.

 Мемлекеттік сатып алулардың әкімшілері негізгі құрылыс материалдар, жабдықтар, бұйымдар мен конструкцияларға қойылатын талаптардың жиынтық ведомствосын орналастырмайды.

Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын алған соң тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында негізгі құрылыс материалдар, жабдықтар, бұйымдар мен конструкцияларға қойылатын талаптардың бекітілген жиынтық құжаттың жарияланауы тапсырыс берушінің қызметі мен функциясын жүзеге асыруды ұйымдастыр ережелерінің 11-тармағы 8-тармақшасына сәйкес міндетті болып табылады. Алайда әдетте қолданыстағы заңнаманың талаптарын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орындамайды.

 Осы ретте өкілетті тұлғалар және мемлекеттік органдардың жетекшілерін жауапкершілікке тартудың практикасы қалыптаспаған.

 Бұдан бөлек, Мердігерлер тарапынан сатып алуларда жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету бойынша талапты орындауын тиісті бақылау жоқ.

Мемлекеттік сатып алулар туралы үлгілік келісімшартқа сәйкес төлемге дейінгі қажетті құжаттардың бірі – жергілікті қамту туралы есеп. Аталған талаптарды орындауға бақылауды Тапсырыс беруші жүргізуі керек.

 Алайда, Талдықорған қаласы бойынша қолданысқа берілген объектілерді тендерге дейінгі бақылау нәтижесінде жергілікті қамту туралы ақпаратты тиісті көлемде бермеу фактілері анықталған.

 Мысалы, «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі бекіткен «№ 13 орта мектебі» КММ ғимараттарын күрделі жөндеу (арнайы сыныптармен) құрылыс жобасының негізгі материалдарға, бұйымдарға, құрылымдарға және жабдықтарға қажеттіліктің жиынтық есебін зерттеу, сатып алынған тауарлардың (прокаттың 4 түрі және 10 басқа тауарды қоспағанда) барлық атаулары бойынша   «Қазақстандық қамту ресурстардың құны», «Ресурс құрамындағы отандық материалдардың үлес салмағы» көрсетілмеген.  

Бұдан бөлек, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына  «ЮниФенс» ЖШС-нан отандық өндіріс өнімін өткізуге көмектесуге қатысты өтінім келіп түсті.

 «ЮниФенс» ЖШС мырышталған болат сымды қосарлы бұрау арқылы тор және торлы габион бұйымдарын шығарушы, бұл өнімдер топырақ құрамын эрозиядан сақтауға, ландшафттық құрылыстарды құру, тіреу қабырғаларының құрылымын жасау, су бөгеттерін төсеу, су қоймаларының, құз, беткейлерді, жағалауларды нығайтуға пайдаланылады. Шығарылатын өнім сертификатталған, сапа талаптарына сәйкес келеді.

 ЖШС өтінімінде тендерді жеңгендер ЖШС-мен өнімді жеткізуге келісімшарт жасайды, бірақ жалпы көлемнен шағын ғана бөлігін сатып алады. Ал қалған бөлікті шетелдік өндірушілерден сатып алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер