astana-view

Сенатта дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету мәселелері қаралды

2020 жылғы 23 Қаңтар
5245 просмотров

ҚР Парламенті Сенатында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің алаңында халықты дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері жөнінде тақырыптық әңгімелесу өтті

Депутаттар дәрі-дәрмекті сатып алу, жедел жәрдем қызметінің жабдықталуы, елге әкелінетін препараттардың сапасы, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары мәселелерін көтерді. Талқылауға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров, СК-Фармация және Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығының жетекшісі қатысты. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева отандық фарма өндірісті мемлекеттік қолдау мәселесіне тоқталды:

 «Дәрі-дәрмекпен қамтамасы ету мәселесі халық үшін өте сезімтал. Елді үш қарапайым нәрсе – препараттардың бағасы, сапасы және қолжетімділігі қызықтырады. Осыған байланысты әлемнің барлық жетекші елдері жеке фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға тырысады. Импортты препараттардың үлесі үлкен болса да, отандық фармация өнімінің тізбегі 2 мыңға жуық аталымды құрайды. Бүгінде Қазақстанда жүрек-қан тамыр жүйесі, тыныс алу жолдары, жүйке жүйесі, ас-қорыту жолы және зат алмасу, зәр шығару жүйесі, сүйек-бұлшықет жүйесі, дерматологиялық ауруларын емдеу препараттары, паразиттерге қарсы және вирустарға қарсы дәрі-дәрмектер шығарылады. Антибиотиктер және вирусқа қарсы дәрілердің өндірісі жолға қойылған. Гормоналды препараттар, екпелер мен сарысулар ғана өндірілмейді», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

   Мұндай нәтижеге СК-Фармация – бірыңғай дистрибьютермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау арқылы қол жеткізілді. Соңғы он жыл шінде 1 трлн теңге көлемінде келісімшарттар жасалды. Осы ұзақ мерзімді келісімшарттар отандық және шетелдік инвесторлар үшін объективті түрде бағдарға айналды.  

 «Бірақ бүгінде проблемалар әлі де бар, оларды біз жаңа жыл қарсаңында Премьер-Министрдің орынбасары деңгейінде талқылаған болатынбыз. Біріншіден – сатып алуларды дұрыс емес жоспарлау мәселесі. Сатып алуды түзету 25%-ға дейін жетуі мүмкін. Бірақ бұл орасан үлкен сомалар. Ұйымдардың дұрыс емес жоспарлау салдарынан шығындарды бизнес көтерді, бұл жайт дұрыс жұмыс істеуге, жұмысты жоспарлауға, қызметкерлерге еңбекақысын төлеуге мүмкіндік бермейді, кәсіпорынның даму мәселесі өз алдына», – деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары.

 Екіншіден – келісімшарттардың шарттары нақты емес. Сатып алудың көлемдері ғана емес, сондай-ақ бағалары да өзгеріп жатуының себебінен өндірушілер тарапынан шағымдар бар. Инвесторлық тәуекелдер әлі де жабылмаған, осы ретте өндіріс және сараптамаға талаптар өте қатаң.

 «Дәрілік препараттар өндірісін бастау үшін 3-тен 5 жылдай уақыт талап етіледі. Зауыт салу, үздік халықаралық практикалары бойынша процестерді жолға қойып, тиісті сертификаттауды жүргізу, өндіріске лицензия алу және препараратты тіркеу қажет. Сараптама/бағалау/қауіпсіздік/маркетинг бойынша іс-шараларды жүргізу. Мұның барлығы ірі жұмыстары ғана. Нәтижесінде мемлекетпен ұзақ мерзіміді келісімшарт жасаған әрі осы процедуралардың барлығын өткерген инвесторға соңында препараттардың сатып алынбай, қайтып келуі, ал өндірістік препараттардың уақытылы төленбеуі күтпеген жағдай болады», – деді Юлия Якупбаева.

Осындай факторлар инвесторларға осы сегментке қаражат салуда теріс әсер етеді, фармацевтика саласында импортты алмастыру процесін тежейді.

 Отандық өндірушілер мемлекеттік сатып алуға ғана жұмыс істемейді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 30 млн АҚШ долларын құраған, бөлшек сатылымда да әлеует артып келеді.

 «ҚР Индустрия министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және бизнеспен бірлесіп, Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының жол картасы әзірленді. Онда жоғарыда аталған мәселелердің шешімдері және қаржыландыру, клиникалық зерттеулер шығындарының бір бөлігін ішінара субсидиялау шаралары көрсетілген. Егер осы шаралар қолдау тапса, онда сәйкесінше, шығарылатын өнімнің өзіндік құны төмендейді, халықтың дәрі-дәрмектерге қолжетімділігі артып, экспорт көлемі өседі», – деді спикер

 Халыққа дәрі-дәрмектердің қол жетімділігін арттырудың тағы бір шарасы –цифрландыруды бірлесіп дамыту. «Денсаулық сақтау туралы» кодексте рецептіде сауда атауын емес (мәселен, пенталгин), оның белсенді затын көрсету қажеттілігі туралы норма бекітілген. Бірақ ол туралы барлығы бірдей біле бермейді. Мобильді қосымшада аталған белсенді зат бойынша қандай препараттар қайда сатылатыны, өндіруші кім жайында ақпарат берілуі керек. Нәтижесінде пациент өз қаражаты мен орналасқан жеріне қарай ұсынылған ассортименттен қажеттісін таңдай алады.

 «ХХІ ғасырда бағалық реттеуде адами фактор мен 47-беттік бұйрықтарға емес цифрлық технологияларға басымдық берілуі керек», – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер