astana-view

Колледж жанындағы HUB-та жас кәсіпкерлерге арналған оқу семинары өтті

2020 жылғы 29 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
8382 просмотров

2019 жылдың соңында СҚО Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Солтүстік Қазақстан кәсіби дайындау және сервис колледжі жас кәсіпкерлерге арналған HUB құрды. Енді өңір жастарында кәсіпкерлік негіздерімен білім алу, сондай-ақ білікті кәсіпкерлер арасында мықты ментор табуға мүмкіндік бар.

 Бесленді жастарға арналған бизнес-инкубатордың облыс орталығында ашылғанына бір ай болды. Ол үшін колледжің маманы Светлана Пуянаускене Ұлыбританияның астанасында арнайы оқудан өтті. Сондықтан HUB-қа осы колледждің студенттері бірінші болып жазылды. Мұнда қыз-жігіттер алғашқы білімін алып, өз өнімдерінің жәрмеңкесін қала базарларының бірінде өткізді. Бүгінгі таңда осында оқу мүмкіндігі Петропавлдағы басқа колледждердің студенттеріне де берілді.

 «HUB-тың негізгі бағыттарының бірі бизнес субъектілеріне жақындату және оларға қажетті негіз беру. Сонымен қатар студенттерге тәлімгер тағайындау қарастырылған, осылайша колледж қабырғасында білікті мамандар оларды кәсіп ашуға баулиды», – деді СҚО ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Владимир Литвиненко.

 Жастармен алғашқы кездесуге Петропавлдың білікті кәсіпкерлері– ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі Сайран Хамзин және Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айтықан Қалғаева  келді. Бүгінде олар белсенді студенттерге тәлімгер болуға дайын. Семинарға қаладағы 6 колледждің студенттері келді. Олардың қатарында М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенті Елена Парфёнова  бар.

 «Мен бастауыш мұғалім мамандығын оқып жатырмын. Сондықтан болашақта оқу орталығын ашқым келеді. Кейбір жас оқытушылар балаларды нашар дайындайтынын байқадым. Сондықтан балалар сапалы дайындықтан өтетін орталық ашуды жоспарлаймын», – деді Елена Парфёнова.

 Қатысушылардың көбі бизнес негіздері курсынан өткен. Бірақ барлығы бірдей бизнес-жобаны таңдап үлгермеді. Сондықтан HUB-та бизнес-идеяны жетілдіру, жергілікті нарықты талдауға мүмкіндік жасалған. Семинарда ӨКП бизнес-тренері Елена Коняхина бизнес-жоспар құру бойынша материалдар дайындап, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Кездесулер мен семинарлар тұрақты негізде өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер