astana-view

Өзбекстан алматылық кәсіпкерлермен ынтымақтастықты арттыруға ынта танытты

2020 жылғы 12 Ақпан
- Алматы қаласы
4852 просмотров

Бүгін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында Өзбекстаннан келген делегация мен алматылық кәсіпкерлердің кездесуі өтті

Кездесу барысында инвестцииялық жобаларды қолдау, туристік экономикалық аймақтарды жекешелендіру мәселелері талқыланды

«Соңғы уақытта екі елдің өзара ынтымақтастығының серпіні өсіп, жыл сайын 20%-ға артып келеді.  Ресми статистика мәліметтері бойынша, егер 2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналым 2,5 млрд АҚШ долларын құраса, 2018 жылы  бұл сан 3 млрд АҚШ долларына жетті, ал бүгінгі күні 2019 жылдың қорытындысы бойынша 3,2 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл қызмет саласын есептемегендегі көрсеткіш. Белгілі болғандай,  екі ел басшыларымен өзара тауар айналымды жуық арада 5 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу тапсырылды», – деді Өзбекстаннан келген делегация мүшесі, елші Саидикрам Ниязходжаев.

 Елші кездесу барысында ынтымақтастықта әлеует барын айтып, қазақстандық өніммен өзбек нарығына белсенді шығуға, сондай-ақ үшінші елдер нарығына шығу мақсатында Қазақстан аумағында  бірлескен жобаларды құруға шақырды.

 Кездесуде Қазақстаннан Өзбекстанға экспорттау мәселелері талқыланды. Мемлекеттік сатып алулар, атап айтқанда отандық материалдарды ұсыну туралы ынтымақтастық мүмкіндіктері жайында диалог құрылды.

 Талқыланған тағы бір маңызды мәселе білім беру саласы болды.

«Бүгінде Ташкент қаласында қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу қажеттілігі бар. Өйткені Өзбекстан студенттерінің көбі  қазақстандық оқу орындарында оқиды, оларда білімді отанында алу мүмкіндігі болуы керек», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП директоры Нариман Әбілшайықов.

 Өзбекстанда бизнесін дамытуға дайын кәсіпкерлер көмек пен кеңес алу үшін Кәсіпкерлер палатасына және Елшілікке хабарласа алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер