astana-view

Отандық кәсіпкерлер бизнес-миссия шеңберінде Курган облысына барады

2020 жылғы 17 Ақпан
4325 просмотров

Іс-шара Курган облысының экспортын қолдау орталығы және «Курган қаласы сауда-өнеркәсіп палатасы» одағы бірлесуімен ұйымдастырылды

Бизнес-миссияға ірі қазақстандық сауда компаниялары мен дистрибьютерлер, сондай-ақ Курган облысының минералды су, кондитер өнімдері, жартылай дайын өнімдер, шұжық өнімдері, консервілер, мұздатылған жартылай дайын өнімдерді өндіру саласындағы ірі тауар өндірушілері қатысады. Бизнес-миссияның алғашқы күнінде қатысушылар «Курган облысының инвестцияилық агенттігі» қоры алаңында жұмыс істейді, онда өңірдің экспорттық әлеуетімен танысады.

 Бағдарлама мазмұны:

  • Курган облысы кәсіпорындарының өкілдерімен В2В форматында іскерлік байланыс биржасы;
  • бизнес-миссияға әр қатысушының саласына қарай Курган қаласы өндірістері мен кәсіпорындарына экскурсия;
  • Курган облысының басшылығы және мемлекеттік билік өкілдерімен  іскерлік кездесу.

 Іс-шара ресейлік кәсіпорындар мен қазақстандық әріптестер арасынды сауда ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылмақ.

 Фото: pilip-pilipich.livejournal.com


Еншілес ұйымдар

Серіктестер