astana-view

«Атамекен» кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге дайын

2020 жылғы 25 Ақпан
4890 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдағы бес жылға Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев хабарлады

 Үкімет отырысында айтылған негізгі тезистер.

 Касательно законодательных мер по вопросам улучшения бизнес-климата

Іскерлік-ахуалды жақсартуға бағытталған заңнамалық шараларға қатысты

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің жүйелі мәселелерін анықтау және шешу бойынша жұмысты үнемі жүргізіп отырады.

Бизнестің анықталған барлық мәселелері біздің сайтта – Мәселелер реестрінде ашық жарияланады.

Ұлттық палата қалыптасқан күннен бері 624 мәселе анықталды, оның ішінде 501-і немесе 80% өз шешімін тапты.

Бизнестің жүйелі мәселелерін зерттеу нәтижесінде Реестрден ең өзекті мәселелері негізінде елдегі іскерлік ахуалды  жақсартуға бағытталған 50-ден астам түзетулер дайындалды. Негізгі түзетулер жер қатынастары, бәсекелестік, экономикалық және банктік қызмет саласына бағытталған.

Сондай-ақ, монополияға қарсы заңнамаға, Кәсіпкерлік кодекске, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен  Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңдарға өзгертулер енгізуді талап ететін бірқатар түзетулер енгізуді ұсынамыз.

Ұсынылатын түзетулер:

- заң бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін айыппұлдардың өсуіне және кәсіпкерлік субъектілерін ешқандай дәлелдемелер жинамай монополияға қарсы заңдарды бұзды деп айыптау мүмкіндігіне жол бермеуге;

- жер қатынастарын жақсартуға;

- кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған.

Осы орайда заңнамалық бастамалардың 8-ші топтамасы аясында Ұлттық палата ұсынған түзетулерді қолдауларыңызды сұраймыз.

 

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты

Биылғы жылы Кәсіпкерлік қызметті 2020 жылға дейін мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының аяқталатындығы мәлім.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тиімді реттеуге бағытталған соңғы жылдардағы барлық реформалар осы Тұжырымдамаға сәйкес жүргізілді.

Дегенмен, елдегі бизнесті мемлекеттік реттеуді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарға қарамастан, келесі мәселелер анықталып отыр:

1) мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдауды жүргізуге формальды және бейтарап көзқарасының сақталуы, талдау рәсімдерінің сақталмауы;

2) кейбір реттеуші органдардың бизнеске бақылау жүктемесін шамадан тыс арттыруы, тексерулердің негізінен жазалауға бағытталуы;

3) заңнамалық шектеулерге қарамастан ақпараттық талаптардың (әртүрлі есеп берулердің) бизнес субъектілерінің көпшілігіне кең таралуы;

4) заңнамада бекітілген нормалардың болуына қарамастан өзін-өзі реттеу саласының нашар дамуы.

Осы аталғандарды қорыта келе, бүгінгі таңда Тұжырымдама жеткіліксіз деңгейде іске асырылды деп айтуға болады.

Осыған байланысты, алдағы бес жылға Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылады. Жаңа Тұжырымдаманың міндеттері тек реттеу мәселелерімен шектеліп қалмауы керек, сонымен қатар кәсіпкерлерді дамыту мен қолдау мәселелерін де қамту қажет.

Ұлттық палата отандық бизнестің нақты қажеттіліктеріне негізделген нақты практикалық шаралар көзделген Жаңа Тұжырымдама жобасын әзірлеуге дайын.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган - Ұлттық экономика министрлігінен ұсынылған құжатты Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде бекіту жөніндегі жұмыстарға көмектесуін сұраймыз.

Бизнес-қоғамдастықтың алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күніне қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 24 мамырдағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында берген тапсырмасы аясында 2019 жылғы 30 қыркүйекте барлық өңірлерде бизнес-қоғамдастықтың алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізілді.

Дегенмен, есеп беру кездесулерінде мемлекеттік органдар негізінен статистикалық мәліметтерді жариялады. Заңнамалар, жиі кездесетін заң бұзушылықтар мен олардың алдын-алу шаралары түсіндірілмеді. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары бұл жұмысқа жеткілікті деңгейде қатыстырылмады.

Осыған байланысты Ұлттық палата мынадай ұсыныстар әзірледі:

1) облыстық Бірыңғай есеп беру күнінен екі апта бұрын  проблемалық мәселелерді толық қамту және есепке алу мақсатында аудан орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде Бірыңғай есеп беру күнін өткізу;

2) Есеп беруде статистикалық мәліметтерді жариялап қана қоймай, заңнаманы жетілдіру шаралары туралы түсіндіруді күшейту;

3) мемлекеттік органдардың бақылау қызметі туралы есептерін Бірыңғай есеп беру күнінен екі апта бұрын міндетті түрде жергілікті атқарушы органдардың сайтында жариялау.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер