astana-view

«Мемлекеттік сатып алуларды цифрландыру үшін нақты заңнама қажет» – Тимур Құлыбаев «Бизнеске арналған үкімет» туралы

2020 жылғы 27 Ақпан
6777 просмотров

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кәсіпкерлердің IV республикалық форумы  барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бизнеске арналған мемлекеттік қызметтер туралы бірыңғай заңды құруды ұсынды

«Атамекен» басшысының айтуынша, мұндай заңнама мемлекет тарапынан бизнеске көрсетілетін барлық қызметтерді бір арнаға біріктіруге мүмкіндік береді.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 шілдеге қарай Ұлттық палата және Үкімет «Бизнеске арналған үкімет» цифрлық платформасын таныстыратын болады. Платформада кәсіпкерлер «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтерді ала алады. Жаңа цифрлық платформа сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында маңызды қадам болмақ.

«Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде бизнеске арналған қызметтерді тереңдете цифрландыру үшін нақты заңнама қажет. Бізбен бірге бір деңгейде мүмкіндіктері бола тұра осы мәселеде нақты нәтижелерге қол жеткізген елдердің тәжірибесін зерттеуді бастау қажет. Мәселен, Грузия және Эстония тәжірибесі. Мемлекет кәсіпкерге көрсететін қызметтерді бір заңға біріктіру үшін мемлекеттік қызметтер туралы бірыңғай заңды жазу бойынша ұсыныс бар», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында цифрлық құралдардан бөлек «Атамекен» басшысы квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар саласында қолданыстағы заңнаманы бірлесіп талдау мақсатында жұмыс тобына бірігуді ұсынды.

 «Мемлекет басшысының сатып алулар туралы бірыңғай заңға квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын қосу бойынша тапсырмасы бар. Ұлттық компаниялар коммерциялық қызметті іске асырып жатқандықтан, сатып алуларының өзіндік ерекшелігі барын білеміз. Осыны ескеріп, сатып алулардың бірыңғай заңнын құру керек немесе квазимемлекеттік секторға арналған бөлек заң қабылдау қажет», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Бизнес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы тарапынан болған алаңдаушылықтың тағы бір себебі, ауыл шаруашылығы секторында субсидиялауды бөлу мәселесі болды. «Атамекен» басшысының айтуынша, онда әдеттен тыс ситуация орын алған: субсидияларды максималды бөлудің өзінде (10 жыл ішінде шамамен 2 трлн теңге бөлінген) мемлекеттің жалпы ішкі өнімінде ауыл шаруашылығының үлесі өспей, 5% деңгейінде қалып отыр.

 «Өкінішке қарай, бұл сыбайлас жемқорлық белең алған сала. Соңғы бірнеше жыл ішінде субсидиялаудың ережесі 7 рет өзгерді, демек шарттары үнемі өзгеріп отыратын қызметтерді цифрландыру мүмкін емес. Біз мемлекет қойған міндеттерді шешуге бағытталған ережелерді әзірлеуіміз қажет, осы ретте ережелер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барынша ыңғайлы болуы керек», – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.

 Ауыл шаурашылығынан басқа бүгінгі таңда «қызыл» аймаққа білім беру және экология салалары түскен, Төралқа Төрағасы осы бағыттағы жұмыс жалғасын табатынын, биыл басқа да салалардың қаралатынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер