astana-view

IV республикалық кәсіпкерлер форумы өтті

2020 жылғы 27 Ақпан
1916 просмотров

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтыӊ қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде IV республикалық кәсіпкерлер форумы өтті.

Форумға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, Парламент депутаттары, еліміздіӊ барлық өӊірлерінен бейнеконференц байланыс арқылы бизнес-қауымдастық, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қатысты. Агенттік басшысы өзініӊ алғы сөзінде Кәсіпкерлердіӊ төртінші форумы кәсіпкерлікті әділетсіз лауазымды тұлғалардан қорғау үшін мемлекет пен бизнестіӊ күш-жігерін біріктіретін дәстүрлі іс-шара екендігін атап өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев 2025 жылға дейін қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мемлекет пен қоғамды осы теріс құбылысқа қарсы күресте күш біріктіруге бағыттайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, былтырғы жылы қол қойылған «Жол картасы-2019» нәтижелері белгілі болды. Айта кету керек, аталған құжат нәтижесі кәсіпкерлік қызметін реттеуді жетілдіру бойынша заӊнамада және басқа заӊнамаларда көрініс тапты, ал бұл заӊнамаларды әзірлеуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атсалысқан. Бизнесті қорғау мәселелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолдауыныӊ маӊызы зор.

Сонымен бірге, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, білім беру, экология сынды салаларды жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар көтерілді. «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» (eoz.kz) порталы сынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды енгізудің алғашқы жұмыс нәтижесі таныстырылды.

Сыбайлас жемқорлықты азайтудың тағы бір құралы – «Бизнеске арналған үкімет» жобасын іске қосу. «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» уақыт өте келе бағаны комплаенс-бақылауға арналған платформаға айналуы тиіс.

– Біз бұл жұмысқа квазимемлекеттік секторды, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ны қостық. Тәжірибені көру үшін «Атамекен» мен «Самұрық Қазына» жұмыс тобын және басқа да ұлттық компанияларды құруға ұсыныс білдіргім келіп отыр. Коммерциялық құпия мәселелері бар, ұзақ мерзімді келісімшарттар мәселелері бар, біз осындай жұмыс тобында бірлесіп заңнамаға ұсыныстар әзірлей алдық. Сіз атап өткендей, Мемлекет басшысының квазимемлекеттік секторды сатып алуды сатып алу жөніндегі бірыңғай заңға енгізу тапсырмасы бар. Біз ұлттық компаниялар коммерциялық қызметті табанды түрде жүзеге асыратынын білеміз. Бұл сатып алу бойынша бірыңғай заң болады ма, бәлкім квазимемлекеттік сектор үшін жеке заң болады ма, біз оларды ескеруіміз керек. Жалпы алғанда, квазимемлекеттік секторды заңнамалық деңгейде регламенттеу қажет деп ойлаймын, бұл отандық өндірушілердің квазимемлекеттік секторды және ұлттық компанияларды сатып алуға ашықтығы мен қол жетімділігіне мүмкіндік береді, - деді Тимур Құлыбаев.

Негізі, барлық мемлекеттік қызметтер мен қолдау шараларын «бір терезеге» шоғырландыру бизнесті жүргізуді едәуір жеңілдетеді. Ескі талаптар, есептіліктің барлық формаларын тексеруге және жан-жақты талдауға әрі тексеру жүйесін дұрыс қоюға  бағытталған кешенді және жүйелі жұмыс міндетті түрде жүргізілуі керек.

– Екінші аспект – түрлі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектормен бизнес үшін мемлекеттің қызметін цифрландыру бойынша 512 қызмет көрсетіледі, оның 173-і сұранысқа сай. Біз қазір Үкіметпен бірлесіп, Мемлекет басшысының бизнес үшін үкімет құру тапсырмасын талқылаймыз. Бір терезе қағидаты бойынша барлық мемлекеттік қызметтерді көрсету, менің ойымша, бұл бизнес үшін маңызды. Өкінішке орай, мемлекеттік органдарда әлі күнге дейін деректер базасында үйлестіру жоқ және бұл әр жолы әрбір деректер базасында тіркелу қажет, әсіресе ауыл тұрғындары үшін керек. Әсіресе, субсидия алуға қатысты көптеген мәселелер бар, - деді «Атамекен» басшысы. 

Бұдан бөлек, бизнеспен қарым-қатынас құратын мемлекеттік органдардың тиімділігін тәуелсіз кәсіби бағалау (КРІ) болуы керек. Салық саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдарды енгізу қажеттілігі уақыт талабы. Бір жағынан, әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша кәсіпкерлер көбінесе салық органдарымен әрекеттесетінін (85%) көрсеткен, олардың ішінде әр  төртіншісі жемқорлықпен тап болған.

Айта кетейік, салық қызметін реформалау идеологиясы қарапайым – адамдардың күнделікті өміріне ену әрі салық төлемдерін төмендететінін байқатады. Бұл тәжірибе көрші Ресей елінде енгізілді. Бұл салық қызметінің салық жинаушыдан сервистік платформаға айналғанын көрсетеді. Енді ос алаң жаңа технологиялар мен бақылаудың форматын (b2b-, g2b- және g2g-секторына) ұсынатын көрінеді. Айтпақшы, аталған зерттеу нәтижесі сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары деңгейі Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында екенін көрсеткен. Ал ең төменгі орында Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Биыл жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, экология сынды салалардан салалық мамандарды тарту негізінде ескірген талаптар, формалар және есептеулерге талдау жүргізуде сыбайлас жемқорлық аудиты, сонымен бірге нормативтік-құқықтық базаға сараптама жасалмақ.

Шара соңында, «Атамекен» басшысы Алик Пшекбаевқа жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп,  жемқорлыққа қарсы ықпал ететін және қоғамның дамуына кедергі келтіретін барлық өзекті мәселелерді жүйелі және кешенді түрде шешуге болатынына сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер