astana-view

Жеңістің 75-жылдығына орай «Еске алу эстафетасы»

2020 жылғы 03 Наурыз
7405 просмотров

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл  толуына орай Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдарының қауымдастығы  еліміздегі ардагерлер қоғамдық ұйымдарының – Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің кеңесі, сондай-ақ ҚР Генералдар кеңесінің соғыс және еңбек майданының батырларын мәңгі есте сақтау бойынша бастамасын қолдады

Осылайша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің кеңесі Даңқ аллеясын салу бойынша жұмыстарын жүргізуде, онда Кеңес Одағының батырлары, ішкі істердің бұрынғы қызметкерлерінің мүсіні орнатылады.  Қазақстан Республикасының Генералдары кеңесі Жеңістің 75-жылдығына орай іс-шаралардың үлкен бағдарламасын әзірледі.

ҚР Күзет ұйымдарының қауымдастығының Төралқасы да  бұл бастаманы құп көріп, күзет қызметі ұйымдарының басшыларына, жеке күзет қызметкерлеріне, барлық кәсіпкерлерге – соғыс ардагерлері мен еңбек майданының қатысушыларына және қаза тапқан батырлар отбасыларының мүшелеріне қамқорлық танытып, назар аударуға шақырды.

Қаза тапқан және осы күнде жетпеген ардагерлер рухына тағзым көрсетіп – ардагерлер қабірін ретке келтіру, қажет болса құлыптас пен белгі орнату.

 «Балаларды, өскелең ұрпақты ата-бабаларымыздың батырлығын, Ұлы мақсат үшін ерліктері мен өзін-өзі құрбан етуге дайын болуын үлгі етіп, тәрбиелеуіміз керек», – деп санайды ҚР  Күзет ұйымдары қауымдастығының президенті А.И.Калинин.

 Үндеу «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнес комитетінің отырысында жарияланды. Барлық қатысушылар үндеуді бір ауыздан қолдады.

 Күзет ұйымдарының қоғамдастығы бастамаға бірден қолдау білдірді. «Агентство БОНА» ЖШС және «Ұрпақ-А» ЖШС ҚР Ішкі істер министрлігі ғимараты жанында Даңқ аллеясын салуға 300 мың теңгеден шотқа аударды.

«Глобус» ЖШС және «Акинак-Бодигард» ЖШС ардагерлерге үнемі көмек көрсетіп, осы жұмысты тұрақты негізде жүргізуді жоспарлауда. Қауымдастық бастамасына басқа да ұйымдар да қолдау көрсетті.

 Осындай жұмысты Қауымдастық ары қарай да жалғастырады.

 Бастамашылар мен акция қатысушыларының пікірінше, Жеңістің 75-жылдығына орай бұл эстафета өткенді еске алу үшін тірілерге қажет. «Өткенді еске алмай, үлкен буынның қаһармандығына құрмет көрсетпей болашақ құру мүмкін емес».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер