astana-view

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі тақырыбында өткен парламенттік тыңдауда ҰКП-ның сертификат беруіне қатысты пікірлерге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми мәлімдемесі

2020 жылғы 04 Наурыз
8818 просмотров

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰКП функцияларына тауардың шығу түбі туралы сертификаттарды рәсімдеу, куәландыру және беру, сондай-ақ индустриялық сертификатты беру кіреді

Бүгінде Ұлттық палата экспорттық сертификаттар мен СТ-KZ сертификатын қоса алғанда 8 түрлі сертификат береді. Сертификаттарды беру – бүкіл кезеңдері қатаң регламенттелген жүйе екенін айта кеткен жөн.

Анықтама үшін:  Ұлттық палатамен жыл сайын 7 мыңнан астам  СТ-KZ сертификаты және экспортқа 50 мыңнан астам сертификат беріледі.

Сертификаттарды беру – Үкіметтің тапсырмасы бойынша 2014 жылдан бері  Палатаға берілген функция. Бұл функцияны Палатаға беру процесті халықаралық нормаларды ЕАЭО және ТМД елдерінде сертификаттар беру рәсімдерінің тәжірибесімен үйлестіруге мүмкіндік берді.

Тауардың шығу түбі туралы сертификаттарға қатысты

 Тауардың шығу түбі туралы сертификаттардың Сауда-өнеркәсіп палаталарымен берілуі – бұл  кең таралған халықаралық тәжірибе. Осы ретте Ресей және Беларусь сынды көрші елдерде Қазақстаннан гөрі сертификаттарды беру мерзімдері айтарлықтай ұзақ әрі бірнеше есе қымбат тұрады.

 Экспорттық сертификаттар мен СТ-KZ сертификаттарын беру процесін өтінім берушінің тауардың шығу түбі туралы сараптама актісін беруі негізінде өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен іске асырылады. Ұлттық палата сараптама актісінде көрсетілген мәліметтерді ғана куәландыратынына назар аударамыз.

 Өз кезегінде кәсіпорынды аттестаттау және сараптау Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты мемлекеттік реттеу саласы болып табылады, сондай-ақ сертификатты беру кезінде бұзушылықтар үшін заңнамалық жауапкершілік белгіленген.

 Осылайша, Палата сертификаттарды беру жүйесінде ең соңғы меже саналады. Аталған процесс 2018 жылдан бастап барынша оңтайландырылған. Бүгінде сертификатты беру мерзімі 1 күнді құрайды.

 Бұдан бөлек, тез бұзылатын өнімді өткізетін экспорттаушыларға сертификаттарды өндірістің орналасуына қарай өңірлерде ғана емес, сондай-ақ аудандарда да беру қарастырылған.

 Ұлттық палата сертификатты беру процесін толығымен цифрландырған, бұл жұмыс сертификаттау процедураларын жеңілдетіп, тездетуге, құжат айналымын азайтуға және сертфиикатты алуға қажетті құжаттарды дайындауға кететін уақыт пен шығынды қысқартуға мүмкіндік берді.

 Индустриялық сертификатқа қатысты

 Индустриялық сертификат құралы кәсіпорындардың өндірісі және өндірістік қуаттылығын растау мақсатында отандық өндіруші-кәсіпкерлердің бастамасы бойынша әзірленді.

 Өз кезегінде құралды құру қажеттілігі «жалған өндірушілер» тарапынан заңсыз бәсекелестік салдарының қайталануынан туындады, аталған ситуацияларда кейбір кәсіпкерлер отандық өнім ретінде сертификатталмаған, арзан импортты жеткізіп, көп жағдайда реттелетін сатып алуларда жеңіп отырған.

 «Атамекен» Индустриялық сертификатты 2019 жылдың сәуір айынан бере бастады. Осы ретте алғашқы 6 айда сертификатты беру механизмін жетілдіру мақсатында пилоттық кезең белгіленді. Пилоттық кезең нәтижесі бойынша Палата сертификатты беру процесін ғана емес, сонымен қатар оны қолдануына егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

Анықтама үшін: ағымдағы жылдың 4 наурызындағы ахуалға сәйкес 250-ден астам сертификат берілді, оның 70%-ы жеңіл және жиһаз өнеркәсібіне тиесілі.

 Аталған кезең ішінде процеске қатысушылар: кәсіпкерлер және салалық қауымдастықтардан бастап мемлекеттік органдарға дейін кері байланыс жолға қойылды. Тараптар пікірін жинап, Палата Ережеге бірнеше түзетулер дайындады, олар бірнеше рет бизнес және мемлекеттік органдармен талқылауға шығарылды.

 Айта кетелік, қазақстандық өндірушілер, соның ішінде мүгедектер ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен талқылау барысында кәсіпкерлер Индустриялық сертификаттың верификация жүргізу және шынайы өнім өндірушілерді қолдау, жалған өндірушілермен күресте қажеттілігі жайында бірыңғай ұстанымдарын білдірді.  

 Ағымдағы жылдың 20 ақпанынан бастап жаңа Ереже күшіне енді, онда:

  • Саланың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары орналасқан әр облыста, республикалық қалада және елордада ең кемі 1 салалық сарапшыдан қамтамасыз ету;
  • Отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу және өндірістің жай-күйіне талдау жүргізуде мүгедек ұйымдарына кезектен тыс қызмет көрсету мүмкіндігі;
  • Индустриялық сертификатты беруде барлық бизнес-процесті толық автоматтау.

Осы ретте Индустриялық сертификат тауар тобын (мысалға жиһаз, кабельді өнім және т.б.) өндіруге қажетті жабдық, қуаттылықтың болуын растайтын құжат, сертификат өнімнің техникалық сипаттамаларын анықтамайды. Ал тауарлардың техникалық сипаттамалары шикізат және өндіріс кезіндегі қосалқы бөлшектер, өндіріс технологиясы сынды көптеген тұрақсыз факторларға байланысты түрленуі мүмкін.

 Осы мақсатта стандарттау құралдары, яғни МемСТ қолданылады.  

 Тұтастай алғанда, қабылданған шаралар отандық тауар өндірушілер арасындағы тең жағдайлар мен әділ бәселестікті құруға бағытталған. Бұдан бөлек, жаңа Ереже индустриялық сертификатты беруде сыбайлас жемқорлық шараларды қолдануды алып тастауға мүмкіндік берді.

Өкінішке қарай, бүгін ҚР Парламенті Сенатында депутаттар нақты фактілерді келтірмей, Ұлттық палатаға сертификаттау мәселелеріне қатысты негізсіз айыптаулар жасады.  «Атамекен» бұл тұжырымдармен келіспейді.

Парламенттік тыңдауға дайындық шеңберінде Сенат алаңында жеңіл өнеркәсіп саласы мәселелері бойынша 7 жұмыс жиналысы өтті. Осы ретте бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен талқылаулар барысында сертификаттау туралы мәселе оң көзқараста қаралған болатын.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бұл мәселедегі бастамасы мен қызығушылығын құптайды және Индустриялық сертификатын мен тауардың шығу түбі туралы сертификаттарын беру механизмдерін бизнес, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен егжей-тегжейлі таныстыруға дайын екенін білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер