astana-view

Тауарға жөнелтпе құжатты рәсімдеуді енгізу мерзімін 2020 жылдың 1 шілдесіне ауыстыру жоспарланған

2020 жылғы 12 Наурыз
6704 просмотров

Тауарға жөнелтпе құжатты рәсімдеу туралы талапты енгізу мерзімін 2020 жылдың 1 шілдесіне ауыстыру жоспарланған. Жөнелтпе құжатты енгізу мерзімін қайта қараудың себебі бизнес және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік органға жасаған өтінімдері болды

 Тауарға жөнелтпе құжаттарды рәсімдеуді енгізуге қатысты кәсіпкерлердің алаңдаушылығы әкімшілік және қаржылық ауыртпалық, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тарту тәуелдігіне байланысты.

 ҚР Қаржы министрлігі ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына Тауарға жөнелтпе құжаттарды рәсімдеуді енгізу бойынша мерзімді ауыстыруға қатысты өзгеріс енгізуді бастамалады. Осы бұйрықтың жобасы қоғамдық талқылау үшін ашық қолданыста жарияланды (өзгеріс жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3364656).

Ұсынылған өзгерістерге сәйкес жөнелтпе құжаттарды рәсімдеу мерзімін 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ауыстыру жоспарланған (Халықаралық келісімшарттар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2020 жылғы 1 қазанға дейін таңбалауға жататын өнім үшін)

 Жуық арада бұйрық жобасы бизнес-қоғамдастықтың мақұлдауы үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына  жіберіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер