astana-view

«Атамекен» отандық тауар өндірушілер мәртебесін кәсіби тексеруді қолдайды

2020 жылғы 18 Наурыз
6687 просмотров

Ағымдағы жылдың 18 наурызында «Самұрық-Қазына» қоры кәсіпкерлерге Қордың сатып алуларына қатысу үшін сертификаттарды (СТ-KZ. Индустриялық сертификат) беру қажеттілігінің алып тасталғаны туралы хабарлады. Сатып алуларға қатысу үшін жергілікті әкімдіктер бекіткен отандық тауар өндірушінің мәртебесін растайтын тізімнің  жеткіліктілігі айтылған

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қор ұсынған әдіспен түбегейлі келіспейді. СТ-KZ сертификаттары, индустриялық сертификаттар өндіруші мәртебесін және жергілікті қамтуды растайтын құжат ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген.

 Анықтама үшін:

Жыл сайын 2500-нан астам өндірушіге 7000-нан астам сертификат беріледі. Енгізілген төтенше жағдайды есепке ала отырып, ҰКП кәсіпкерлерге сертификаттарды демалыссыз, тәулік бойғы режимде беріп жатыр.

 Айта кетелік, әкімдіктер отандық өндірушінің мәртебесін растау бойынша құзыретке ие емес.

 Бұдан бөлек, Қор әкімдіктер тарапынан әрекет етудің нақты тәртібі және өндіріске қойылатын критерийлерді ұсынбаған. Осылайша өндірушілердің тізімін құру кезінде әкімдіктер тарапынан сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдер пайда болып, сондай-ақ жалған өндірушілерден сатып алу қатері жоғарылайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер