«Атамекен» ҰКП еңбек қатынастарын реттеу жолдарын ұсынады
«Атамекен» ҰКП жұмыс берушілерге қызметкерлерді жұмыстан уақытша босату туралы және жалақы төлеу мәселесіне қатысты өз ұсынымдарын әзірледі. Елде орын алған ТЖ жағдайында Палата еңбек қатынастарын реттеудің ең оңтайлы әдістерін Еңбек Кодексіне негіздеп жасады
Коронавирустың таралу қаупіне және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қызметкерлермен еңбек қатынастарын реттеу бойынша жұмыс берушілерге ұсынымдар төмендегідей:
Қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеуіне рұқсат беру, сондай-ақ жалақы мәселесін жұмыс беруші мен қызметкер арасында өзара мәмілеге сәйкес шешу (Еңбек Кодексінің 138 бабы);
- Толық емес жұмыс күні (Еңбек Кодексінің 70 бабы);
Толық емес жұмыс уақыты - бұл Еңбек кодексінде белгіленген қалыпты уақыттан аз уақыт, оның ішінде:
1) толық емес жұмыс уақыты, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасының төмендеуі;
2) аяқталмаған жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санының қысқаруы;
3) күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты ұзақтығының бір уақытта қысқаруы және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санының қысқаруы.
Толық емес жұмыс жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілі мен осы Кодексте, еңбек шарттарында, ұжымдық шартта немесе келісімдерде белгіленген өзге де еңбек құқықтарын шектеуге әкеп соқпайды.
Еңбек шарты және (немесе) жұмыс берушінің актісінде толық емес жұмыс немесе толық емес жұмыс уақытында нақты орындалған жұмыс үшін, сондай-ақ уақытша немесе бір реттік жұмыс үшін ақы төленуі мүмкін.
- Мәжбүрлі еңбек демалысына шығару (Еңбек Кодексінің 112 бабы)
Қолданыстағы Еңбек кодексі үзіліс уақытын реттемейді. Бұл еңбек шартын бұзу болып табылмайды. Еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқаруы туралы алдын-ала хабарлауға міндетті емес.
Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыс беруші мен жұмысшының бақылауына жатпайтын себептер бойынша демалысты тіркеу тәртібі және демалыс уақытына ақы төлеу шарттары еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленеді және ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде белгіленеді (жалақы - 42 500 теңге).
- Үйде балаларымен бірге қалуға мәжбүр болған ата-аналардың біріне ақылы еңбек демалысын ұсыну;
- Еңбек ақы төленбейтін демалыс; (Еңбек Кодексінің 97 бабына сәйкес)
Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Жалақысыз демалыс ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісіммен анықталады.
- Қызметкерлерді іс-сапарға жібермеу.
Елдегі төтенше жағдай енгізілген кезде, оның әрекет ету мерзімі ішінде және сағат 00.00-ден бастап, 19 наурыз Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы карантин режимі уақытында жұмысшыларды іссапарға жібермеуге кеңес береміз.
Еңбек қатынастарын реттеу саласында туындаған сауалдар бойынша 1432 call-орталыққа хабарласуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: