astana-view

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының пікір білдіруі

2020 жылғы 18 Наурыз
6749 просмотров

«Атамекен» ҰКП мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жүзеге асырып жатқан бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі туралы мәселелерді бірнеше рет көтеріп келеді

Палата Холдингтің барлық еншілес ұйымдары қызметіне күмән келтіріп жатқан жоқ, алайда қйымдар жұмысының тиімділігін арттырып, экономикадағы қазіргі дағдарысқа қарай қайта құрылымдау қажет.

 Атап айтқанда, Қазақстанның даму банкі портфелінің құрылымында жобалардың басым бөлігі – квазимемлекеттік сектор, сондай-ақ ірі компаниялар.

 Осыған дейін ірі және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды несиелеу орынды болатын. Қазіргі кезде Палата шағын және орта бизнесті,  импортты алмастыру жобаларын несиелеуді ұсынады – бұл қазіргі уақытта елге қажетті шара.

 Пандемия және негізгі экспорттық тауарларға бағалардың күрт төмендеуіне байланысты ситуация қаржы институты жұмысының форматын өзгерту және отандық бизнес сұранысына жауап берудің қажеттілігін көрсетті.

 Осы жылдың 24 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының айтқан сынын есепке ала отырып, осыған дейін Президент Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығы алаңында мемлекеттік бағдарламалардың барлық операторларының есебін тыңдауды өткізуді ұсынған болатынмын.

 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының ашық диалогқа дайындығын назарға ала отырып, Орталық жетекшісінен мемлекеттік бағдарламаларды басқару тиімділігі бойынша Холдинг басшылығының есебін тыңдау үшін кеңейтілген отырысты белгілеуді ашық түрде сұраймын.

Заңға сәйкес ҰКП өзінің сайлау органына есеп беретін үкіметтік емес, қоғамдық ұйым болып саналады.

 «Өзің ақымақ» принципі бойынша пікірлерге жауап беруді орынсыз деп санаймын. Холдингтің пікір білдіруін қазіргі күрделі жағдайда экономикадағы өзінің  рөлі мен орны жайында мазмұнды диалогтан бас тарту ретінде қабылдаймын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер