astana-view

«Атамекен» ҰКП және туристік қоғамдастықтың туризм саласын дағдарысқа қарсы шаралармен қолдау бойынша ұсыныстары

2020 жылғы 19 Наурыз
8047 просмотров

Қазіргі таңда коронавирус бойынша жағымсыз сценарийлердің өрбуі салдарынан туризмнің барлық түрлерінде – көшпелі, кірмелі және ішкі туризмдегі туристік маусым іске аспаудың алдында тұр

Саладағы көшпелі және ішкі туризмге сұраныс 0 деген көрсеткішке түсті, туристер елге келуді доғарды. Осыған байланысты, сондай-ақ көпшілік жиналатын, ойын-сауық орындарын жабу және іскерлік іс-шаралар, іссапараларды кейінге қалдыру, көрермені жоқ спорт шараларын өткізу салдарынан қонақүйлердің толу көлемі күрт төмендеген. Мейрамханалар, сауда – ойын-сауық орталықтары, көңіл көтеру нысандардың қызметі қыл үстенде. Карантинді енгізу бойынша қажетті шаралар ситуацияны қиындатып жіберді.

 Сала субъектілері барлық жолдармен операциялық шығындарды қысқартумен әлек, қызметкерлерді мерзімсіз демалысқа жіберіп жатыр. Бұл қызмет түріндегі болжамдар көңіл көншітпейді, тіпті анағұрлым сыймды әрі тұрақты нарықтарда 2020 жылдағы жаздың соңына қарай саладағы шағын және орта компаниялардың – туркомпаниялар мен шипажайлардың 50%-ы жойылуы ықтимал.

Анықтама үшін: Статисткалық деректер бойынша Қазақстанда 590 туроператор, 2157 тураганеттік, 3630 орналастыру орны бар; туристік салада 80 мыңнан астам адам жұмыс істейді, олардың шамамен 90%-ы – әйелдер; туристік қызмет көрсету саласындағы орташа айлық еңбекақы 100 мың теңгені құрайды, орналастыру саласында – 124 мың теңге, шипажай-курорт саласында – 90 мың теңге.

 Ағыл-тегіл режимде сатып алынған турпакеттерді жаппай қайтару жүріп жатыр. Егер авиабилеттерді айыппұлдық санкцияларсыз қайтаруға болатын болса (мұның өзі авиакомпания қызметіне теріс әсер етеді), ал шетелдік қонақүйлер мен туроператорлар ақшаны қайтаруға дайын бола бермейді. Өз тарапынан қазақстандық туристер отандық туроператорлардан ақшасын қайтарып беруді талап етеді!

 Кейбір турпакет бойынша ақшаны қайтару ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап жүргізілмейді!

Қазіргі таңда Қазақстан туроператорлар қауымдастығының мәліметтері бойынша көшпелі туризм саласында ақпан-сәуірде бас тартылған турлар бойынша шығын мына бағыттарда көрініс тапқан:

 - Тайланд – 277,7 млн тенге

- БАӘ – 2,1 млрд тенге

- Мысыр – 2,1 млрд тенге

- Шри-Ланка –155,5 млн тенге

- Үндістан – 141 млн тенге.

16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі кезеңде туристің барлығы – 5 526 адам. Қайтару сомасы шамамен 2,7 млрд теңге.

«Туристік Қамқор» қорының мәліметі бойынша демалыста жүрген туристердің саны 4 мыңнан астам адам, оларды қайтару бойынша чартер рейстерінің кестесі құрылған.

Осындай жағдайда Мемлекет басшысына туристік қызмет субъектілерін сақтау масқатында жедел дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттілігімен секторға назар аударып, қолдау білдіргені үшін алғыс білдіреміз.

Әлемдік практика

ҚХР үкіметі эпидемиямен байланысты қызмет көрсету саласында экономикалық теріс салдарды жою мақсатында жеңілдікпен несиелер ретінде қаражат бөлді. Атап айтқанда қаражат дүкендер, сауда орталықтары, қонақүйлер, мейрамханалар, туристік және мәдени ойын-сауық ұйымдары, көлік-логистикалық компанияларына бөлінген.

 АҚШ-та коронавирус өршуінен экономикалық ауыртпалықты жұмсарту үшін зардап шеккен салалардағы компанияларға салықтық демалыс, жеңілдікпен несиелеу, еңбекақыны төлеуде салықтан босату, карантин немесе аурып жатқан азаматтарға қаржылық көмек көрсетуді қолға алды.

 Орын алған жағдайда дағдарысқа қарсы келесі шараларды қабылдау маңызды:

Бірінші – даму шаралары – карантин кезеңінде 2020-2021 жылдардағы туристік маусымға толық дайындық жүргізу керек:

  1. Анағұрлым танымал турмаршруттар бойы туробъектілеріне толық инвентаризация жүргізу;
  2. Жоғарыда аталған объектілерді жөндеу, реконструкциялау және жаңарту;
  3. Музейлерге кешенді жаңарту жүргізу;
  4.  Қытай 5А рейтингі мысалы бойынша сәулет орындарына бағалау стандарттарын енгізу;
  5. Танымал маршруттарды дәретханалармен қамту;
  6. Қолөнер орталықтарын ашу және т.б.

 Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін салалық қауымдастық және «Атамекен» ҚР ҰКП-ны жұмылдыру. Жоғарыда аталған шаралардың операторы ретінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ты белгілеу.

 Екінші – дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар:

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдік туроператорлар және қонақүйлерге қаражатты айыппұлдық санкциясыз қайтару мәселесін шешеді.  

 -2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін турбизнес ұйымдары, шипажай-курорт ұйымдары және қонақүй шаруашылықтарына салықты (ҚҚС, КТС, ӘС, ЖТС, ӘА, МӘМС) және әлеуметтік төлемдерді өсімақы және айыппұлдарсыз   төлеу бойынша уақытша мораторий енгізу;

 -төтенше жағдай кезеңінде кеңсені жалдау құнын өтеу немесе алып тастау мүмкіндіктерін қарастыру;

-төтенше жағдай кезеңінде туристік сала өкілдеріне ағымдағы банк қарыздары бойынша міндеттемелерін орындауды кейінге шегеру, сондай-ақ жұмысшылардың тұтынушылық және ипотекалық заемдары үшін пайыздар мен айыппұлдарды алып тастау;

- туроператорларды рейстердегі қатаң блоктар шарттарын орындаудан босату, айыппұлдық санкцияларды қолданбау (ҚР Азаматтық авиация комитеті тарапынан қолдау тапты);

-авиабилеттерді қайтаруды мәжбүрлі бас тарту ретінде айыппұлдарсыз аннуляциялау;

-туроператорларға ITECA халықаралық көрме бойынша жасалған төлемдерін қайтару.

 Үшінші – дағдарысқа қарсы жүйелі шаралар:

- туристік индустрия кәсіпорындарына айналым қаражаттарына берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қамтамасыз ету;

 -туристерге қаражатты қайтару үшін 2-3 жылға дейін пайызсыз және кепілзатсыз несие беру;

-шипажай-курорт саласы қызметкерлеріне ең төменгі күнкөріске бюджеттен қаражат бөлу арқылы шипажайларды субсидиялау;

-республикалық бюджет есебінен туристік сала субъектілерінің орынжайды жалға алу құны және коммуналдық төлемдерін (электр энергиясы, көмір, газ, сұйық отын, ыстық су) субсидиялау немесе 50%-ға төмендету;

 -көшпелі туризм туроператорларын 2020 жылға «Туристік Қамқор» корпоративтік қорына банк кепілдігін беруден босату, өйткені көптеген компанияда осы төлемдерге қаражат жоқ;

- іскерлік белсенділік жаңарғанға дейін бар жұмыс орындарын сақтап қалу үшін туристік компаниялардың еңбекақы төлеу қорын республикалық бюджет есебінен толық немесе 50%-ға дейін ішінара субсидиялау. Кәсіпорындардың штаттық саны туралы ақпарат негізінде 2-3 ай бойы ең төменгі еңбекақы және кеңселерді ұстау қаражатын төлеу.  

 Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туризм мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінде қарауды тоқтату аса маңызды деп санаймыз.Заң жобасын онлайн талқылау жан-жақты бола алмайды. Оның үстіне саланың барлық назары мен күш-жігері дағдарыспен күреске бағытталған. Осындай жағдайда бизнесті қолдап, талқылауды кейінге қалдыруды сұраймыз.

Қазақстан туристік қауымдастығы, Қазақстан ұлттық шипажай қауымдастығы, «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры, Астана туризм қауымдастығы, Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығына туристік салаға дағдарысқа қарсы шаралар бойынша көрсетілген қолдауы үшін алғыс білдіреміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер