astana-view

Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезеңінде шағын және орта бизнесті қолдау шараларын атады

2020 жылғы 31 Наурыз
8027 просмотров

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай кезеңінде шағын және орта бизнесті қолдау, атап айтқанда салықтық жеңілдіктер, төлемдер мен займдар бойынша кейінге шегеру шараларын айтты

 «Шағын және орта бизнестің ұсыныстарына келетін болсақ, олардың басым бөлігі қолдау тауып, мемлекет тарапынан іске асырылуда. Бұл шаралар мемлекеттік қолдау мақсаттары үшін басымдыққа ие болып саналатын қызмет түрлерін кеңейтуге, несие мөлшерлемесін төмендету және біріздендіру, мемлекеттік кепілдендіру көлемін арттыруға қатысты», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық реттеу жөніндегі агенттік банктер және басқа да қаржы ұйымдарымен ШОБ несиелері бойынша төлемдерді кейінге шегеру және қайта құрылымдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

 «Бұл мәселеге жекелей тоқтап өтпекпін. Көп кәсіпкер төтенше жағдай кезеңінде несиелерге пайыздарды тағайындамау туралы банктерге бұйрық беруді сұрап жатыр. Банктер үшін бұл жіберіп алған пайда, шығын екенін түсіну керек. Банктер де экономикамыздың ажырамас бөлшегі. Сондықтан мен екінші деңгейлі банктерге конструктивизм, азаматтық жауапкершілік және ниеттестік танытуға шақырамын. Банктер үшін қиын кезеңдерде мемлекет айтарлықтай көмек көрсеткен болатын. Қазіргі кезде халық пен кәсібін жауапкершілікпен жүргізетін бизнеске қолдау қажет», – деді Мемлекет басшысы.  

ШОБ-ты қолдау шаралары ішінде айтарлықтай зардап шеккен секторларда 6 айға (ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 қазанына дейін) еңбекақы қорынан аударымдар мен салық төлеу және басқа да төлемдер тоқтатылады.  

 Бұл секторларға: қоғамдық тамақтану, сауданың жекелеген секторлары, көлік қызметі, кеңес беру қызметі, ІТ-сектор, қонақүй бизнесі, туризм жатады.

 Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтінімен мында танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер