astana-view

Алкоголь сусындарын өндіруші кәсіпорындар антисептикалық құралдар тапшылығы мәселесін шеше алады

2020 жылғы 03 Сәуір
25185 просмотров

COVID 19 – коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты маскалар мен антисептиктер тапшы тауарға айналды

Алкоголь өнімдерін шығаратын отандық өндірушілер өндірісті модернизациялап, антисептикалық құралдарды шығара алады.

«Азия Су Компаниясы» ЖШС пилоттық режимде дезинфекциялық құралдарды шығара бастады. Өнімді беткі қабаттарды санитарлық өңдеуге, сондай-ақ қолды зарарсыздандыруға қолдануға болады.

 Дезинфекциялық құралдарды шығару үшін:

- өнімнің сапасын тексерудің рецепті мен әдістемесін жасау;

-қолдану бойынша технологиялық нұсқаулық, әдістемелік нұсқаулықты, өнімге қауіпсіздік паспортын әзірлеу;

-этикетка, қаптама және т.б. макетін әзірлеу;

-тіркеуге дейінгі сынақтарды жүргізу;

-өнімді тіркеу, қажет болса өнім сертификаттауын жүргізу қажет;

Қазіргі таңда ҚР аумағында дезинфекциялық құралдарды шығаратын 9 кәсіпорын бар:

-  «Азия Су Компаниясы» ЖШС;

- «Аврора» өндіріс кешені» ЖШС;

-  «БО-НА» ЖШС;

- «Гиппократ» ЖШС;

- «Asem-Pharm» ЖШС;

- «Nazar Global Trade» ЖШС;

- «НПО Медидез» ЖШС;

- «ГРОСФАРМ» ЖШС;

- «ФармКазПром» ҚБ.

Өз кезегінде ҚР ҰКП кәсіпкерлердің елімізге пандемиямен күресуде көмек көрсетпек бастамаларын қолдауға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер