astana-view

Карантин уақытында Нұр-Сұлтан қаласына 51 мың тонна өнім әкелінген

2020 жылғы 09 Сәуір
- Астана қаласы
3147 просмотров

22 наурыздан бастап елорданың жанында жасақталған 7 блок-бекеттен 6,5 мың жүк көлігі өтті, олар Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік, дәрі-дәрмек, сонымен қатар азық-түлік емес тауарлар әкелді.

 «Қалаға өткен авто көліктің жалпы көлемінен 3,5 мың машина 51,2 мың тонна өнім әкелді: азық-түлік тауарлар – 12 тонна (836,11 тонна ет, 213,6 тонна қырыққабат, 358 тонна пияз, 503,8 тонна картоп, 1097,75 тонна сүт өнімдері, 60,9 тонна күріш, 363,8 тонна ұн, 307,5 тонна шұжық өнімдері, 81,8 тонна өсімдік майы, 668,4 тонна жеміс, 394,8 тонна кондитерлік өнімдер, 325,7 тонна тауық еті, 203,4 мың дана жұмыртқа, 728,5 тонна бидай, 121 тонна қант, 30,3 тонна консерві, 5 543,57 тонна басқа азық-түлік), дәрі-дәрмек – 821,8 тонна, сондай-ақ азық-түліктік емес тауарлар – жиһаз, сантехника, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, автобөлшектер мен шиналар, басқа тауарларды қоса алғада 23,5 тонна», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры.

 Алма Жүнісовтың айтуынша,  Кәсіпкерлер палатасы жанынан кәсіпкерлерге көмек көрсетудың жедел штабы жұмыс істейді. Жедел штабтың жұмыс істеуі шеңберінде бірнеше негізгі топ бар, олардың бірі төтенше жағдайға байланысты 20 наурыздан бастап ірі бөлшек сауда желілерінде (мысалы: Магнум, Смол), базарларда (мәселен: Артем, Шапағат) және дүкендерде – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 19 позиция бойынша байланыс мәселелерін анықтау үшін күнделікті мониторинг жүргізетін мамандар тобы жұмыс істеуде. Сонымен қатар негізгі отандық тауар өндірушілер, көтерме сатушылар және дистрибьюторлардың деректерін жинақтау бойынша жұмыс атқарылуда, қала жеткізушілерінің базасы бар.

 «Қазіргі таңда мониторинг деректеріне сәйкес кейбір азық-түлік таураларына бағаның жоғарылауы орта есеппен 15,9%-ды көрсеткен. Мысалы картоп – 52%-ға, сәбіз –37%-ға өскен. Төтенше жағдай салдарынан жеткізілімдердің бұзылуына байланысты кейбір сауда желілерінде қант бағасы – 53%-ға өскен. Сүт өнімдеріне де баға өскен. Пастерленген  2,5% майлылықтағы сүттің бағасы 14%-ға артқан, сары майға (майлылығы 72,5%-дан төмен емес, тұздалмаған таза сары май) 13%-ға қымбаттады. Жалпы алғанда, мониторинг деректеріне сәйкес қалада азық-түлік тауарларына тапшылық сезілмейді, қоймалардағы қорда 28,5 мың тонна қарастырылған», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры.

 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын реттеу үшін үкімет 9 позицияға шекті бағаларын әр өңірге бөлек бекітті. Шекті бағалар eGov ресми сайтында жарияланған. Осы ретте бағаны қолдан жоғарылатқан кәсіпкерлерге 265 мың теңгеден 530 мың теңгеге дейін айыппұлдар қарастырылған.

   Сонымен қатар бағаларды реттеу мақсатында қала әкімдігі ірі сауда желілерімен «келісілген сызба» бойынша күріш, қарақұмық және көкөніс тобына белгіленген бағамен сату бойынша алдын-ала шарттармен жеңілдетілген несиелік келісімдер жасалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Күнбағыс майы, сүт, ет және бакалея өнімін сатып алу көзделген, бұл өнім түрлеріне баға өседі деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер