astana-view

Жеке орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтінімдер қабылдау жалғасуда

2020 жылғы 10 Сәуір
3413 просмотров

2020 жылдың 6 сәуірі мен 5 мамыры аралығында жеке орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтініштерді кезектен тыс қабылдау туралы жарияланды.

Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінім p.schoolinvest@gmail.com электронды поштасына жіберіледі, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы «Қаржы орталығы» АҚ ұсынған келесі құжаттармен бірге:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларында білім беру қызметімен айналысуға лицензия көшірмелері;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар;

3) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкте шотының бар екендігі туралы анықтамалар;

4) Оператор бекіткен нысан бойынша Оператор мен жеке білім беру ұйымы арасында алдын-ала жасалған келісім-шарттың көшірмесі, жеке білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан оқушы қосылса қаржыландыру әдістемеде қарастырылған.

Қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысы республиканың 153 жеке меншік оқу орындарында енгізілген, 40 мыңнан астам оқушыны қамтуға 12,9 млрд.теңге қарастырылған. 

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: 8 705 173 03 52 - Себепбаева Лязат Еркановна, 8 701 525 76 93, Альбиева Балжан Шайнгоревна, 8 702 130 30 28 - Сагиндикова Айнур Сайранқызы, 8 707 331 90 10 - Асанова Айгерім Асқарқызы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер