astana-view

Қазақстанда төтенше жағдай сәуір аяғына дейін ұзартылды

2020 жылғы 10 Сәуір
6422 просмотров

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында және бірнеше облыста карантинді сәуір айының аяғына дейін ұзартуды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

 «15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен аурудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы» – деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер