astana-view

Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары

2020 жылғы 13 Сәуір
28014 просмотров

Төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен салық демалысы

  1. Төтенше жағдай кезеңіне кіріс жоғалтуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем 1 ең төменгі еңбекақы мөлшерінде – 42 500 теңге тағайындалды.

Кім ала алады: ШОБ, ірі бизнес жұмыскерлері, жеке кәсіпкерлік, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша табыс алып жүрген жеке тұлғалар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми емес жұмыс істеп жатқан азаматтар.

  1. Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінді – қаражат ахуалды тұрақтандыру және жаппай жұмыспен қамтуды қамтамсыз ету үшін өңірлерге бағытталады. Инфрқаұрылымдық жобалар шеңберінде бұл инфрақұрылым, мектептер, ауруханалар, жолдар және басқа да нысандарды күрделі және ағымды жөндеу.
  2. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз азаматтарға еңбекпен қамтылуға көмектеседі, басымдық 29 жасқа дейінгі жастарға берілген.

Қандай салықтық жеңілдіктер қарастырылған

  1.  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимі негізінде бюджетпен есеп-айырысу жүргізіп отырған микро-, шағын бизнес субъектілердің табысқа салықты төлеуден 3 жылға босату енгізілген.
  2. 2020 жылға:

- жеке кәсіпкерліктер мен заңды тұлғалар мүлікке салықтан келесі объектілер бойынша босатылады: ірі сауда объектілері, сауда–ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт нысандары;

-ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ауыл шаруашығы жерлеріне жер салығынан босатылады;

 -жоғарыда аталған салық төлеушілерге 2020 жылдың 15 тамызына дейін салықтардың барлық түрлері бойынша уақытында орындалмаған салық міндеттемелері бойынша сыйақы есептеу тоқтатылды және салық есептілігін беру мерзімі 3 тоқсанға ауыстырылды.

  Жалпыға белгіленген режимді қолданатын жеке кәсіпкерліктер 2020 жылға жеке табыс салығын төлеуден босатылды. 

  1. Ірі қара мал және асыл тұқымды балапандарды импорттаушы салық төлеушілерге импортқа ҚҚС бойынша төлем ҚР Ұлттық экономика министрлігінің есептеу әдісі қолданылады.
  2. 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ҚҚС мөлшерлемесі (8%) төмендетілді.
  3.  Туризм, қоғамдық тамақтану және қонақүй қызметінде жұмыс жүргізетін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2020 жылға мүлік салығын төлеуден босатылды.

 Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылдың 1 маусымына дейін:

- салықтардың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдердің, әлеуметтік төлемдер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру берілді;

- кешіктіріп төлеу үшін өсімақыны есептеу бойынша шаралар қабылдауды тоқтата тұру, шығыс операцияларын тоқтата тұру, мүлікке билік етуді шектеу және салық және кедендік қарызды, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу шараларын шектеу (тәуекелдігі жоғары салыөқ төлеушілерді есептемегенде);

- 15.03.2020 жылдан бастап 15.04.2020 жылға дейін кезеңде жіберілген камералық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды орындау мерзімі ұзартылды (тәуекелдігі жоғары салыөқ төлеушілерді есептемегенде);

-салықтық тексерулер мерзім ағыны тоқтатылды.

 8. Бензин (авиациялық бензинді есептемегенде), дизель отынын өндірушілерін өнімді экспорттау кезінде  акциз төлеуден босату.

9. Экономиканың анағұрлым зардап шеккен салаларда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу 6 айға (ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін) тоқтатылды. Бұл қоғмадық тамақтану орталықтары, сауданың жекелеген секторлары, көлік қызметі, консультациялық қызметтер, IT-сектор, қонақүй бизнесі және т.б.

10. 20 наурыздан бастап  ШОБ субъектілеріне берілген мемлекеттік меншікегі  мүлікті жалға беру төлемінен және жалға беру құнын уақытында төлемегені үшін өсімақы тағайындаудан 3 айға босату қарастырылған.  Ол үшін Gosreestr.kz порталында жалға алу келісімшартына қосымша келісімге электронды цифрлық қолтаңба арқылы қол қою керек.

Қандай қаржылық көмек бөлінді?

  1. Құны 600 млрд теңге сомасында Төтенше жағдайдан зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағдарламасын іске асыру. Несиелер қаржы айналым толықтыруға 8% мөлшерлемемен 1 жыл мерзіміге беріледі;
  2.   Ірі қара мал және асыл тұқымды балапанларды қоса алғанда АӨК биологиялық активтерін импортына ҚҚС салынбайды;
  3. Ауыл шаруашылығы өндірушілерге дизель отынын 1 литріне 165 теңгеге дейін немесе нарықтық бағадан 15%-ға арзандату;
  4. Отандық ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарынан өнімді кем дегенде 6 ай бұрын кепілдендірілген сатып алу механизмі;
  5. Отандық тауар өндірушілерден тауар, жұмыс және қызметті  90%-дан кем емес көлемде сатып алу.

 

Шаруаларға қандай қолдау бар?

  1. Пестицидтер және тыңайтқыштар, сапалы тұқым және жанармайды сатып алуға қаржы айналымын қамтамасыз ету.
  2. Көктемгі дала жұмыстарына қаржыландыру көлемі 3 есеге 170 млрд теңгеге дейін артты.
  3. Ауылшаруашылық азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің көлік құралдарының карантиндік қалаларға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету, «жасыл» аймақтардан өтуге жедел рұқсат беру.
  4. Ауылшаруашылық азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің көлік құралдарының карантиндік қалаларға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету, «жасыл» аймақтардан өтуге жедел рұқсат беру.

 

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ШОБ субъектілері қалай жұмыс істейді?

Кәсіпорындарды жекелей және нүктелі жұмысқа шығара бастайды. Ол үшін әкімідктер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді ұстана алатын, жұмыс орындарында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар тізімін әзірлеуде.

 Дағдарысқа қарсы штабтар кәсіпорындардың жұмыс кестесі, жұмыскерлерді жұмыс орнына жеткізу тәртібі және басқа да ұйымдастыру-техникалық мәселелерді тексереді.

 Мемлекеттік комиссия сәйкес кәсіпорындардың жұмысын жаңарту туралы шешім қабылдай алады.

 Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары


Еншілес ұйымдар

Серіктестер