astana-view

ҚР аумағына әкелінетін дәрі-дәрмек, медицианлық заттар және дезинфекциялық құралдардың мақсатты қолдануын алу тәртібі

2020 жылғы 13 Сәуір
6982 просмотров

 ЕЭК Кеңеснің 2020 жылғы 16 наурыздағы №21 шешіміне сәйкес 2020 жылдың 16 наурызынан 30 қыркүйегіне дейін ЕАЭО кедендік аумағына әкеленітен  жеке қорғану заттары, дезинфекциялық құралдар, диагностикалық реагенттер, дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтың жекелеген түрлері мен материалдарына кедендік әкелу салығынан босатылған. (тізімді мында көруге болады).

 Мұндай жеңілдік кедендік органдарға  әкелінген тауарлардың ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен берілетін мақсатты қолданылуын растау жағдайында ғана мүмкін. Мақсатты қолдануын растауды алу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтына жазбаша өтінім жіберу керек.

 Мақсатты қолдануын растауды алу үшін құжаттар тізімі:

  1. формаға сәйкес өтініш;
  2. дезинфекциялық құралдарға үлгі
    медициналық заттар мен дәрі-дәрмекке үлгі
  3.  контракт немесе инвойс;
  4. сапаны растайтын құжат;
  5. егер бар болса түпкі алушымен құжаттар (медициналық ұйым);
  6. рұқсат құжаттың көшірмесі.

Тауарларға мақсатты қолдану растауын: 

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті – дәрі-дәрмек және медициналық заттарға береді;  

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері – дезинфекциялық жән евирусқа қарсы құралдарға береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер