astana-view

Сертификатталған отандық антисептик. Көкшетауда алғашқы 80 литр шығарылды

2020 жылғы 13 Сәуір
5668 просмотров

Коронавирус пандемиясы салдарынан елде жеке қорғану заттардың тапшылығы байқалуда, оларды қазақстандықтар барынша қорғану үшін сатып ала алмай отыр. Қорғану құралдардың бірі – антисептик

Күштілігі жоғары алкоголь өнімін өндіруші Asia Waters компаниясы өндірісті ішінара өзгертіп, елдегі тапшылықты алдын алу үшін антисептик құралдарын шығару бойынша шешім қабылдады.

 Asia Waters коммерциялық директоры Руслан Ламанов: «Нарықтағы антисептикке деген сұранысты ескере отырып, жаңа өнім шығарумен байланысты қосымша қаржылық шығындарға қарамастан шешім бірден қабылданды. Әзірге Asia Waters – елде күштілігі жоғары алкогольді өнімдерді жалғыз өндіруші, қысқа мерзімде тиісті мемлекеттік органдарда тіркеу мен сертификаттаудан өтіп, қолжетімді бағадағы сапалы әрі қауіпсіз антисептик құралдарын өндірісін жолға қойды».

0,5 л, 1 л және 5 литр көлемінде «АСЕПТДЕЗИН»  антисептиктердің алғашқы партиясы «Көкшетау минералды су» АҚ ( «Asia Waters» компаниялар тобы құрамына кіреді) ірі өндірістік алаңында шығарылды. Антисептикалық құрал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес рецептурасымен «Кентавр» ақтөбелік спирт зауытының мамандары әзірледі.  Мемлекеттік стандарттар бойынша антисептикалық құрал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеу мен сертификаттаудан өтті. Бұл процедура оның сапасы мен қауіпсіздігін растайды.

 KMW директоры Станислав Максимец: «АСЕПТДЕЗИН сауда маркасындағы антисептик жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін қолды жууға  арналған және барлық санитарлық және сапалық стандарттарға сәйкес келеді.  Антисептик құрамында спирт, сутегі тотығы және теріні жұмсартатын компоненттер бар. «Көкшетау минералды су» АҚ базасында өткен тәулік ішінде 80 мың литр антисептик шығарылды. Жалпы алғанда 15 сәуірге дейін 600 мың литр антисептик шығару жоспарланған. Ол үшін Krones неміс өндірушіні өндірістік линиясы қайта жабдықталды. Өндіріс көлемі нарық сұранысы мен шикізаттың келуіне байланысты, бірақ өндірістік қуаттылық бұдан жоғары көлемді шығаруға қауқарлы. Өніміміздің басты артықшылығы – қолжетімді баға, экологиялық тазалық және жоғары сапа».

 Asia Waters осындай антисептиктің өндірісін Қостанай қаласындағы спирт зауытында жолға қоюда. Қазіргі таңда компания медициналық мекемелер, мемлекеттік ұйымдардан тапсырыс қабылдап жатыр. Жаңа антисептик жуық арада елдегі дүкендерде пайда болады. 0,5 л көлемдегі құтыға ұсынылған баға – 1730 теңге, 1 л – 2640 теңге, 5 л – 11 880 теңге.

 

 Анықтама үшін:

Қолға арналған антисептик екі түрлі болады: хлор құрамдас және спиртті. Біріншісі теріге айтарлықтай қолайлы, бірақ орын алған жағдайда хлор құрамдас түрлері спиртті құралдардан тиімділігі аздау. Медициналық мекемелер қолдарға арналған спиртті антисептиктерді қолданады. АСЕПТДЕЗИН құрамында глицерин, сутегі тотығы және спирт бар, осылайша құрал зең, вирустар мен бактериялардан қорғайды.

 Назар аударыңыздар! Жасанды заттардан сақ болыңыздар!

Медицина өнімінің дұрыс тұжырымдалуы мен сапа стандарттарының сақталуы жағдайында вирустық аурулардың алдын-алу үшін тері антисептиктерінің тиімділігін растайды. Бүкіл әлемде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рецептурасымен әзірленген антисептик құралдарын пайдаланады. Қазақстанда ТЖ жағдайында сертификатталмаған сапасыз антисептиктерді сату жағдайлары көбейіп кетті. Олардың сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекет жауап бере алмайды. Сондықтан құралдың қаптамасын мұқият оқыңыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер