astana-view

ШОБ субъектілері коммуналдық төлемдерді кейінге шегеруді сұрады

2020 жылғы 17 Сәуір
4599 просмотров

Төтенше жағдай кезеңінде отандық компаниялар тап болған коммерциялық жылжымайтын  мүлік нарығының мәселелерін QazKenes.kz  платформасында бейнеконференция режимінде жылжымайтын мүлікпен айналысатын жетекші компаниялар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері талқылады. 

Жиынға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Мәди Такиев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТБ басшысы Елена Бахмутова, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орыбасары Ербол Өстеміров, «QazProperty» қауымдастығының басшысы Қайрат Көкенов, «BI Property» ЖШС басшысы Руслан Ембергенов, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер және қаржы институттарының өкілдері қатысты.  

Кәсіпкерлер 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін салықтар, еңбекақы қорындағы жарналарды төлеуден, корпоратвиті табыс салығы, ҚҚС, жер салығы, сондай-ақ өсімақы және айыппұлдардан босату қажет екенін айтуда.  

Сонымен қатар салық пен коммуналдық жеңілдіктер және банк секторының қаржылық ынталандыруы қызу талқыланды. Жалға берушілер өздерінің өндірістік шығындарын көтере алмайтындарын алға тартып, Ұлттық экономика министрлігінен монополистер коммуналдық төлемдер бойынша жеңілдіктер жасауы мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Сонда ғана көптеген жалға беруші сауда-ойын-сауық орталықтары мен бизнес орталықтарда кәсіпкерлерге жалға алу құнын төмендете алар еді.  

Бұған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Мәди Такиев коммуналдық қызметтерді ұсынушы монополистер де нарыққа қатысушы екенін, олар да  басқа бизнес секілді шығын көріп жатқанын алға тартты. Ұлттық экономика министрлігі жалға алушылардан есептерді алған соң талқылауға дайын екенін білдірді.  

«Біз монополистердің шығындарын түсінеміз, бірақ комумналдық төлемдерді алып тастау туралы мәселе көтеріліп жатқан жоқ, біз банктерге ұқсас 3-4 айға шегерім сұрап отырмыз. Бұған қоса,монополистердің табыс құрылымында ШОБ шамамен 5 пайызды құрайды»,  - деді Рустам Жүрсінов.

 «Біз есептеп көрдік, табыс жоғалту деңгейі айына шамамен 20 млрд теңгені құрайды. Яғни біз карантиннен шығып жалға алушыға бірден 100 пайыздық жалға беру ставкасын көтере алмаймыз. Бизнес те аяққа тұрып алуы қажет екенін түсінеміз. Бұл жерде жекелей қарау қажет», – деді  «QazProperty» қауымдастығының төрағасы Қайрат Көкенов. 

Нұр-Сұлтан және Алматыда 520-ға жуық объекті бар, олардың ішінде бизнес-орталықтар, сауда-ойын-сауық орталықтары, қойма және қонақүй жылжымайтын мүлігі. Қызметкердің 30 пайызын қашықтықтан жұмысқа жіберген.  

Қызу талқы банк саласына қатысты мәселемен өрілді. Жиынға қатысушылар бұл мәселене келесі аптада жекелей талқылау бойынша шешімге келді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер