astana-view

Нұр-Сұлтанда 20 сәуірден бастап қандай кәсіпорындарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі?

2020 жылғы 18 Сәуір
- Астана қаласы
7487 просмотров

Елордада баспасөз конференциясы өтті, оның барысында 20 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда жұмыс істеуге рұқсат берілген қызметтер тізіміне кірген кәсіпорындарда жұмыс шарттарын құру бойынша түсіндірме жүргізілді  

Бұл туралы Инвестцииялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі басқарманың жетекішісі Ерлан Бекмырзаев және Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов хабарлады.

Ерлан Бекмырзаевтың хабарлауынша, 20 сәуірден бастап сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін келесі ұйымдар жұмысын бастай алады:

  • өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар;  

  •  құрылыс компаниялары (жобалау-іздестіру жұмыстары, сараптама, стандарттау, құрылыс саласында сертификаттау, авторлық және техникалық қадағалау, құрылыс материалдарын шығару және тасымалдау, соның ішінде жол салу және жөндеу);

  • санитарлық және дезинфекциялық талаптарды қатаң ұстанумен ауданы 2000 шаршы метрден артық ірі құрылыс дүкендері; 

  • көлік, қаттау саласындағы компаниялар, ауыл шаруашылық бағыттағы сервис компаниялары;  

  • сондай-ақ басқа қызметтер. Толық тізіммен мына сілтемеден біле аласыздар.  

Нұр-Сұлтан ӨКП директоры Алмат Жүнісов аталған ұйымдар бірқатар талап орындауы қажет екенін айтып кетті. Әр қызмет түріне өз талаптары қарастырылған.  

«Мысалға өнеркәсіптік және құрылыс кеңселеріне егер қандай да бір технологиялық процеске қарай жұмысты тоқтату мүмкін болмаса, жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін. Технологиялық процесс пен қызмет көрсетуді атқармайтын персоналды қашықтықтан жұмықа ауыстыру. Ескерту! Құрылыс ұйымдары құрылыс саласында лицензия және экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші секторының сәйкес коды болған жағдайда әрекет етуі керек. Жұмыскерлерді жеткізуге қатысты талаптар бар: бұл жұмыскерлерді қызмет көлігінде жұмыстан үйге, үйден жұмысқа орталықтандырылған жеткізу. Осы ретте көлік жүргізушіні антисептик, қорғау құралдарымен жабдықтау бойынша талап бар”, - деп атап өтті ол.  

  Бұдан бөлек, жүргізушіде жол жүру бағытына қарай сапар парағы болады. Барлық жұмыскерде жұмыс орны берген мөр басылған тиісті анықтама болуы керек.  

  Сондай-ақ объектіге кіру, орынжайды зарарсыздандыру, тамақ қабылдау және демалыс  ұйымдарына бірқатар талап бар.  

Мысалға тамақ қабылдау және демалыс орындарында жұмсыскерлер бір мезгілде бір бөлмеде топтаспауы керек. Үстел арасындағы арақашықтық екі метрден кем болмауы керек, бір стандартты үстел үстінде екі жұмыскер немесе шахматты тәртіпте 1 үстелде 4 жұмыскердің ғана отыруы қадағалануы керек. Бірреттік ыдысты қолдану кезінде оның жиналуы мен утилизациясын қамтамасыз ету, ал көпреттік ыдыс қолданылса - арнайы жуу машиналарында 60 градустан кем емес температурада жуылуын қамтамасыз ету керек.  

  «Жұмыскерлердің денсаулығы, ауруды жұқтырып алуы мен коронавирустың таралуына жауапкершілікті ұйымның иесі мен жетекішісі алады», – деп атап өтті ӨКП директоры.  

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер