astana-view

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына түзетулердің бесінші пакеті

2020 жылғы 22 Сәуір
7825 просмотров

 Құрметті кәсіпкерлер! Кеше (2020 жыл 21 сәуір) ҚР Премьер-Министрі сайтында «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына түзетулердің 5-пакеті жарияланғанын хабарлаймыз.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде енгізілді.

КӘСІПКЕРЛЕРДІ КЕЛЕСІ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ НАЗАР АУДАРУДЫ СҰРАЙМЫЗ:

1. Мемлекет басшысының 400 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы тапсырмасын ескере отырып, қаржыландырудың жалпы сомасы 1 трлн теңгеге дейін артты. Бұл маңызды. Қаржыландыру сомасының артуы кәсіпкерлердің үлкен ауқымын қамтып, жаңа жұмыс орындары мен жаңа өндірістік қуатты құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаржыландырудың жалпы сомасының 1 трлн теңгеге дейін өсуін ескере отырып, бағыттар кескінінде қайта бөлу жүргізілді. Бүгінде қолымызда бар әлеует:

-өңдеу өнерәсібі мен қызмет көрсетуде – 300 млрд теңге;

- АӨК саласында қайта өңдеуде – 200 млрд теңге;

- АӨК өндірісінде – 500 млрд теңге. Соның ішінде 100 млрд теңге көктемгі дала жұмыстарына жұмсалады.

Мұндай бөлу АӨК саласы мен тамақ өнеркәсібінің импортқа тәуелді еместігімен түсіндіріледі. Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары атап өткендей, агроөнеркәсіп кешеніне, әсіресе төтенше жағдай кезеңінде баса назар аудару маңызды. АӨК саласы «пандемиядан кейінгі кезеңде» ұлттық экономиканы қалпына келтіруде жақсы серпін беруі керек. Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін тауар номенклатурасы кеңейтілді. Негізінен оған АӨК саласы және тамақ өнеркәсібінің тауарлары енді.

  1. АӨК саласын қолдау үшін сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 100 млрд теңгеден бөлек, көктемгі дала жұмыстары бойынша жобаларға, қаржы көзін шектеусіз, қаржы айналымын 1 жыл мерзімге 100%-ға толықтыру қарастырылған.
  2. Екінші деңгейлі банктермен қатар «Аграрлық несие корпорациясы» «АӨК-те қайта өңдеу» бағдарламалары бойынша оператор ретінде қосылды. Сонымен қатар «Аграрлық несие корпорациясына» несие серіктестіктерін қаржыландыруға құқық берілген. Аталған бағыт бойынша соманың ұлғайтылғанын ескерсек, бұл замануи әрі дұрыс шешім. Бұл шара қаражаттың игерілмей қалу қаупін болдыртпайды. Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелер бойынша мақұлдауды алуды оңтайландыру бойынша тиісті жұмыс жүргізгенін атап өткен жөн. Директорлар кеңесі басқармасының шешімімен өтініштерді қарау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды (осыған дейін өтінішті қарау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құраған), өтініш беруге қажетті құжаттар тізімі оңтайландырылды, сондай-ақ клиенттерге қарай кепілзаттық саясат жеңілдетілді.
  3. 3 млрд теңгеден астам 5 млрд теңгеге дейінгі несиелер бойынша кепелдік мөлшері 30%-ға дейін ұлғайтылды.
  4. Жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50%-дан аспайтын кәсіпорындарға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысуға рұқсат берілді, осылайша жеке кәсіпкерлік субъектілерін қамтуды кеңейтуге мүмкіндік жасалды.
  5. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша құқықтық қайшылықтар алынып тасталды. Осылайша ҚР Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық несие корпорациясының облигацияларын сатып алу мерзімдері 7 жылдан 10 жылға дейін ұзарту арқылы инвестициялық мақсаттар үшін несиелік мерзімге сәйкес келтірілді.

Қарапайым заттар экономикасы «бағдарламасына қатысты туындаған мәселелер бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады:

    1. Зекенова Айжан – Жобалық алқа хатшылығы, 8 775 57 37 146.

2. Сарбаев Дамир – Жобалық алқа хатшылығы, 8 702 960 20 72.

3. Кашаева Жұлдыз – Жобалық алқа хатшылығы, 8 701 555 86 53.

4. Джувашев Асылхан –  ҚазАгро өкілі 8 701 800 01 45.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер