astana-view

ҚТЖ төтенше жағдай кезеңінде жүк жөнелтушілерді айыппұлдар мен төлемдерден босатты

2020 жылғы 23 Сәуір
5660 просмотров

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ төтенше жағдай кезеңінде жүк тасымалдарымен байланысты айыппұлдар, алымдар мен төлемдерді  алып тастады

2020 жылдың 1 шілдесіне дейін:

  • жүк тасымалдау жоспары бойынша тапсырысты орындамау үшін айыппұл;  жүктің келуі туралы хабарлағаннан бастап 48 сағаттан астам уақыт тұрып қалған жүкті сақтауға 10 есе мөлшердегі алым;
  • мүкәммал (жалпы) паркінің вагондары мен контейнерлерін пайдалану үшін төлем;
  • маневрлі локомотивтің жүруі үшін алым салу тоқтатылды.

Сондай-ақ «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 77-бабында көрсетілген жүк тасымалдау жоспары бойынша тапсырысты орындамау үшін айыппұл салу тоқтатылады.

 Айта кетелік, Ұлттық палата айыппұлдарға ұшыраған кәсіпкерлік субъектілерінің өтініші бойынша ҚТЖ басшылығымен бірнеше келіссөздер жүргізді. Жалпы алғанда жүк жөнелтушілерді 500 млн теңгедегі сомада айыппұлдар, төлемдер мен айыппұлдардан босатады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер