astana-view

«Егістіктен – дүкен сөресіне дейін». «Атамекен» АӨК-ты дамыту бойынша шараларды атады

2020 жылғы 30 Сәуір
7169 просмотров

29 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен өткен кездесуде ауыл шаруашлығын дамыту жөнінде талқылауы өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы АӨК комитетінің төрағасы Иван Сауэр оңтүстік өңірлердегі шаруалардың мәселелеріне назара ударды, олар қырыққабат, пияз және сәбіз экспортына қойылған шектеу салдарынан өсірілген өнімді сата алмай отыр

 Сауэрдің пікірінше, Статистика комитетінің әдістемесін қайта қарау талап етіледі. Қазіргі әдістеме – Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиімсіз шешімдерінің қабылдануына әкеледі.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев Мемлекет басшысының «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» ұсынысын іске асыру бойынша шараларды таныстырды.

 Эльдар Жұмағазиевтың пікірінше, барлық қатысушылар (жеке қосалқы шаруашылық, шаруа қожалығы, өнім дайындаушылар, климаттық қоймалар иелері, қайта өңдеушілер, қосалқы заттарды жеткізушілер, бөлшек сауда объектілері) кластерлік кооперцияға бірігуі қажет, аталған кооперация өнімді «егістіктен дүкен сөресіне дейін» жеткізуді қамтамасыз етеді.

 Бұл тізбекте ішкі сұранысты құру форвардты схема бойынша өнімді кепілдендірілген сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі.

 Осы ретте нарықтық механизм жұмыс істеуі үшін форварды сатып алуды сөреге қай өнімді орамада және қандай сапада қою  керек – өнімді сатудың кепілі бола алатын және құзыреттілікке ие болатын бөлшек сауда желілері іске асыру ұсынылады.

 Ал ынталандырушы шара ретінде дайын өнімнің бүкіл тізбегіне ҚҚС бойынша жеңілдіктерді беруді қоса алғанда мемлекеттік кешенді қолдау шаралары болуы керек!

 «Ауыл тұрғындарын (жеке қосалқы шаруашылығы барлар), шаруалар, қайта өңдеушілер мен сауданы бір өндірістік-өткізу тізбегіне қосу арқылы ғана Қазақстан импортты алмастырып, өнім өндірісі көлемін арттырып, ауыл шаруашылығы тұрғындарын табыспен қаптамасыз етіп, шаруаларымыздың тиімді жұмыс істеуінің деңгейін көтере алады», – деп санайды Эльдар Жұмағазиев.

 Аталған шараларды мүдделі ведомстволармен талқылап, 2 мамырда үкімкетке қорытынды ұсыныстармен шығу қажет.

 Палата ұсыныстары ҰКП-ның ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген скринингке негізделді.

Скрининг деректері бойынша 8 млн ауыл тұрғыны ішінен 1,9 млн адам қосалқы шаруашылықты жүргізуге ҒАНА күн көріп жатыр. Олардың орташа табысы – отбасына айына 47,5 мың теңгені құрайды.

1,7 млн үй шаруашылығында 3,1 млн-ға жуық мал бар, жылына 2,9 млн тонна шикі сүт, 70,6 мың тонна ірі қара еті, 42 мың тонна құс еті және 118,9 мың тонна көкөніс өндіріледі!

 Осы өнімнің басым үлесі өңдеуші кәсіпорындарға жетпейді, ресми сауда объектілерінде сатылмайды. Бір сөзбен айтқанда ауыл тұрғындары өндіретін өнім экономикалық айналымға қатыспайды.

 Бұдан бөлек, 91,7 мың ауыл шаруашылығын өндіруші 53%-ға тең орташа жүктеуге ие.

Статистика деректері бойынша 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығындағы орташа тиімділік 3,5 пайызды құрады. Инфляцияны (2019 жылға 5,4% ) және қарыз алуға ең төменгі 6% мөлшерлемені есепке алсақ, АӨК саласының дамуы туралы айту әзірге ерте.

 Елде ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу қуаттылығы небәрі 39%-ды құрайды.

Себептері – шикізаттық базаның жетіспеуі, тұрақты өткізудің болмауы және бағаның бәсекеге қабілетсіздігі.

 Қазақстан алмастыруға қауқарсыз азық-түлік өнімдері бойынша импорт 1,2 млрд АҚШ долларын құрайды.

 Өзінің  фэйсбуктегі парақшасында Эльдар Жұмағазиев ауыл шаруашылығы саласындағы ағымдағы мәселелерді атап, мүдделі тараптардан елдегі ауыл шаруашылығының дамуына әсер ететін басқа жүйелік мәселелерді көрсетуді сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер