astana-view

«Нақты кәсіпорынға емес, салаға көмектесу» – «Атамекен» бизнесті қолдау шаралары туралы

2020 жылғы 30 Сәуір
5906 просмотров

Бизнесті қолдау шаралары тез қабылданып жатты, бәлкім бұл түсініксіз жайттарға себеп болды. Қазақстан экономикасындағы қазіргі ахуалға қатысты мұндай пікірді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов 30 сәуірде   Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты

 «Шаралар қауырт әрі тез қабылданып жатты. Шараларды қабылдаудың біріыңғай алгоритмі жоқ. Ресейде бірақ күтіп, 2 аптадан соң шараларды қабылдады», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палатаның Басқарма төрағасы тез қабылданған шаралар, соның ішінде карантиндік шаралар салдарынан экономика толығымен дерлік тоқтады, өйткені баса назарға қазақстандықтардың денсаулығы алынды.

 Бизнеске келетін болсақ, бұл бағытта да алғашқы күннен бастап жекелеген жеңілдіктер енгізілді. Тәуекел қатерінде қалған шағын және микро бизнеске қолдау шаралардың басым бөлігі қарастырылды. Өйткені шағын бизнес ірі компаниялар секілді өндірісті қолдау, сатуды ұйымдастыру және толыққанды қызметкерлерді ұстап тұру үшін белгілі бір қаржылық қауіпсіздік мүмкіндіктері болмады.

 Сондай-ақ микро және шағын бизнеске жататын компаниялардың басым бөлігі банктер алдында міндеттемелері бар, табыс болмағандықтан міндеттерді орындау мүмкіндігі болмай қалды. Мемлекет бұл мәселені көтерді, ал қаржыны реттеу жөніндегі агенттік өз қаулысын шығарды, оған сәйкес ШОБ өкілдері белгілі бір жеңілдіктерді ала алады.

 «Қаржы саласында  бір тәсіл, салық бойынша қос жағдай туындады. Салалық қысымсыз ШОБ үшін барлық салықтарды 3 айға кейінге шегеру бойынша шешім. Ірі бизнеске мұндай жеңілдіктер қарастырылмады. Сонымен қатар салықтар және еңбекақы қоры төлемдері бойынша 6 айға шегерім берілді. Осы жеңілдіктер бойынша Ұлттық экономика министрлігі осы жеңілдікке жататын бөлек тізімді жасақтауда. Осы жайт, әрине, түсініспеушілікке әкеп соқты», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 Шағын және орта бизнес мәселелерінің кең ауқымы жергілікті жерде қол режиімнде шешіліп отырды. Айталық, жалға алу мәселесі, мұнда екі тарапта да бизнес қоғамдастық өкілдері тұрды. Бұл жұмысқа «Атамекен» етене араласып, даулы мәселелерге аралық сот ретінде атсалысты.

 Ірі бизнеске келер болсақ, Ұлттық палата тарапынан: салалық сегментке негізделіп кәсіпорындарға қолдау көрсету туралы ұсыныс айтылды.

 «Атамекен» позициясы қарапайым болды – бізде салалық комитеттер бар, біз салалық жүйелік әдісті ұсынамыз. Егер ірі бизнеске қолдау шараларын қолданса, онда жағдайды түсіне отырып, көмекті салалар шеңберінде көрсету керек. Кейбіреуге несиелік шаралар қажет, басқаларға өнімді өткізу керек. 1-24 сәуір аралығында біз осы жұмысты жүргіздік. Сәуірдің 10 жұлдыздарында Ұлттық экономика министрлігі ресейлік тәжірибені қарағандарын айтып, ірі бизнеске жүйе құрушы кәсіпорындар тәсілі арқылы көмектесуді ұсынды», – деді Абылай Мырзахметов.

 ҰКП Басқарма Төрағасының айтуынша, Ұлттық палата өзінің «салалық» позициясын ұстануды жалғастырып, оны Үкімет алдында қорғайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер