astana-view

Асқар Мамин: Қиын кезең орын алғанын теріске шығармаймыз

2020 жылғы 11 Маусым
7239 просмотров

ҚР Премьер-Министрі бүгін ел өңірлерінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі кездесулер сериясын жалғастырды

Несиелер мен салықтар бойынша кейінге шегеру бизнестің осал салаларына демеу бола алады. Қолдаудың осы және басқа да шараларын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Жамбыл, Ақтөб, Атырау, Маңғыстау, Қызыорда және Батыс Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өткен жиын барысында талқылады.   

 Төтенше жағдай режимі алынып тасталған соң қызмет көрсету, орналастыру, қоғамдық тамақтану және туризм саласының объектілері жабылудың аз-ақ алдында тұр немесе жалға алу құны мен коммуналдық қызметтерді төлей алмағандықтан жабылып қалды.

 «Кәсіпорындар өз жұмыскерлерін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр. Біздің болжамымыз бойынша, егер карантиндік шектеулер жалғаса берсе, онда кәсіпорындардың 30-40%-ы қайта ашылмайды. Барлығы бірдей жеткізілімге жұмыс істей алмайды, өйткені бұл қызмет коммуналдық төлемдер, персоналға еңбекақы төлеу бойынша шығындармен жүреді, ал тапсырыстар болу-болмауы белгісіз», – деді Шымкент қаласының «Horeca-Kazakhstan» мейрамхана-қонақ үй бизнесі қауымдастығының президенті Игорь Копайлов.

Жеткізілімге кәсіпорындардың небәрі 50-60%-ы жұмыс істеп жатыр. Шымкент қаласында 100-ден астам салтанат сарайы бар, онда жазғы науқан кезінде халықтың әлеуметтік осал тобынан  5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевың айтуынша, көктемгі-жазғы іс-шараларды доғару салдарынан концерттік алаңдар, банкет залдары, промоутерлер, клубтар, сондай-ақ еліміздің шоу-бизнесі шығын көруде.

 «Сарапшылық бағалау бойынша, Алматы қаласының ивент-индустриясында жұмыскер саны 20 мың адамды құрайтын 8 мың кәсіпкер жұмыс істейді. Ресми заңды тұлғалардан бөлек нарықта өзін-өзі қамтыған адамдар – әншілер, асабалар, той жүргізушілері, фотографтар, флористер, бишілер, сценаристер, сазгерлер бар. Олардың шығынын бағалау мүмкін емес. Біз банкет залдары мен басқа ұйымдарға санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң ұстанумен жұмыс істеуіне рұқсат беруді ұсынамыз. Ивент-индустриясының барлық компанияларына мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде салықтық жеңілдіктер мен арзан несие беруді ұсынамыз», – деді Максим Барышев.

ҰКП сауалнамасы нәтижесі бойынша саладағы 57 компанияның 20%-ы жабылды, 40%-ы жұмыскерлерді қысқартып, еңбекақыны азайтқан, 70%-ы табыстан айырылған – әр компания 2 ай ішінде кемінде 3 млн теңге шығынданғанын көрсетті.

 «Әзірге саны 50 адамға дейін қызмет көрсетуді бастай алмай отырмыз, өйткені кейбір аудандарда COVID-19  вирусымен жағдай қиындай түскен. Ауру жұқтырғандардың деңгейі 1% болғанда жағдай тұрақтанады. Әзірге банкет залдарын ашу – ерте», – деп жуап берді кәсіпкерлер ұсыныстарына Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.  

 «Лештаева М.К.» ЖК директоры Меруерт Лештаева кәсіпкерлердің 80%-ы екінші деңгейлі банктер алдында міндеттмелері барын атап өтті. Несиелер инвестициялық мақсаттарға жылдық 13-19%-бен қымбатқа рәсімделген. Оның үстіне мемлекет тарапынан екінші деңгейдегі банктерге төлемдер мен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынған кезде бұл сәт ескерілмегенін айтты.

«Мейрамханалар мен кафелерге несиелер бойынша төлемдерді кейінге шегеру мерзімін 2020 жылдың соңына дейін беру керек», – деді Жамбыл облысынан Меруерт Лештаева.

 Сонымен қатар жалға алу құны бойынша кейнгі шегеру және бағаны төмендету, сонымен қатар мейрамхана-қонақ үйлер үшін салықтық төлемдерді бір тоқсанға шегеру қажет.

 «Несие мәселесі бизнестің барлық салалары үшін жүйелі екенін көріп отырмыз. Қиын кезең орын алғанын теріске шығармаймыз, несиелер мен салық мәселесінде бизнесті қалай қолдауға болатынын қарастырамыз. Статистика туралы да ұмытпаған жөн. Бизнестің 30%-ы қалпына келмейді, бірігу, жабылу шараларына дайын болу керек», – деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова 16 маусымнан бастап несиелерді кейінге шегеруді қарау бойынша жаңа тәртіп іске қосылатынын айтты. Өтініштер кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын ескере отырып қаралады. Қарау мерзімі 10 күннен артық болмайды.

 IТ-компаниялар салықтарды төлеу және еңбекақы қоры мендеттемелері бойынша босатуды күтуде.   

«Қазіргі таңда ІТ-секторы бойынша еңбекақы қоры төлемдерінен бағдарламалық қамтамасыз етумен және компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызметпен айналысатын компаниялар босатылған, яғни елдегі IT-компанияларының тек 30%-ы қолдаумен қамтылған. Бұл жеңілдікке бүкіл ІТ-саласын қосуды ұсынамыз, өйткені штатты 50%-ға дейін қысқарту тәуекелі бар. Бұл жайт түпкі клиенттер – банктер, бөлшек желілер, онлайн-сервистер және басқа компанияларға қызмет көрсетуде олқылықтарға әкеп соғады», – деді «Елорданың тұрақты дамуы орталығы» ЖШС директоры Виталий Пустовойтенко.

IT-секторы нарықта қазақстандық компаниялардың қамтылуын жоғарылатуды ұсынады. Қазіргі таңда шетелдік қызметтер көлемі жылына 200 млн АҚШ долларын құрап отыр, ал отандық компаниялар нарықтың 30 пайызын қамтып, 2 мың жұмыс орнын құруға қауқарлы.

 «Біз мемлекеттік комиссия қарауына өз ұсыныстарымызды дайындап қойдық. Олардың дені жұмыс істеп жатқан бизнес пен жұмыс орындарын сақтауға қатысты. Ұлттық палатаның жұмыс орындарын сақтауға қатысты позициясын білесіздер. Бизнес мәселелеріне нарықтық тұрғыда ғана қарау мүмкін емес. Өйткені бұл адамдар нарықтағы ситуациядан ғана емес, сондай-ақ төтенше жағдай режимін енгізуден шығынға батты. Біз зардап шеккен секторларға қолдау көрсетуді сұраймыз. Сондықтан жұмыспен қамтуды мониторингілеуге арналған ахуалдық орталықты құруды қолдауды сұраймыз», – деп жиынды қорытындылады «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

 Министрлер кабинетінің басшысы үкіметке стандартты емес шешімдер қабылдап, шұғыл тәртіптегі мәселелерге жедел әрекет етуге тура келетінін айтты.

 «Үкімет коронавирус салдарынан қалыптасқан дағдарыстан шығу бойынша жоспар дайындап жатыр. Дүйсенбіге дейін бизнес көтерген барлық ұсыныстарды қарап, шешімді экономиканы қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның бейсенбі күнгі отырысына шығарамыз. Бизнестің басым бөлігі коронавирустық дағдарыстан шыға алады», – деді Асқар Мамин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер