astana-view

15 маусымда Салықтық әдістеме жөніндегі кеңестің отырысы өтеді

2020 жылғы 12 Маусым
3450 просмотров

15 маусым күні сағат 16:00-де «Атамекен» ҚР ҰКП Салықтық әдістеме жөніндегі кеңестің отырысы өтеді. Кездесу барысында бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру және салық салуды жетілдіру мәселелері талқыланады. Кездесу онлайн форматында өтеді, тікелей эфирді «Атамекен» ҚР ҰКП-ның  facebook-тегі ресми парақшасынан көруге болады

 Кеңестің күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

  • Резидент еместерден алынған «материалды емес» қызметтер (салық салынатын табыстан 3% деңгейде)  бойынша шығындарды шектеу (басқарушылық, маркетингтік, франчайзинг, консультациялық және т.б.);
  • Оффшорлы юрисдикциядағы барлық транзакциялар бойынша 15% мөлшерде алым белгілеу;
  • жеке тұлғалар кірістерінің әр түріне, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет, азаматтық-құқықтық шарттардан түсетін кірістер, еңбекақыдан алынған кірістерге салынатын салықтық жүктемені кезең-кезеңмен теңестіру;
  • объектінің нарықтық құны тұрғысынан мүлік салығын белгілеу үшін салық салынатын базаны анықтау әдістемесін жетілдіру.

Отырыс қорытындысы бойынша салық заңнамасы мәселелерін шешуде ұсынымдар әзірленеді, олар тиісті шаралар қабылдау мақсатында мемлекеттік органдарға жіберіледі. Ткелей көрсетілім барысында бизнес өкілдері тақырыпқа қатысты сұрақтарын пікір жазып қалдыра алады.

 Жиынның тікелей көрсетілімі «Атамекен» ҚР ҰКП facebook-тегі ресми парақшасында 15 маусым, сағат 16:00-де басталады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер