astana-view

«Бастау» жобасы бойынша тіркелу және оқу онлайн өтеді

2020 жылғы 17 Маусым
49017 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2020 жылы «Бастау» жобасы бойынша қатысуға тіркелу және оқу процесі онлайн режимде өтетінін хабарлайды

Оқуға тіркелу үшін үміткерге Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, оқуға жолдаманы алу керек, одан кейін мына  СІЛТЕМЕ бойынша жеке куәлік және Жұмыспен қамту орталығы берген жолдама көршірмелерін жүктеп, өтінішті толтыру қажет.

Үміткерге Өңірлік кәсіпкерлер палатасына бару міндетті емес. Өтінішті оқу курсы барысында беруге болады. Жұмыспен қамту орталығынан жолдаманы да оқу курсы барысында алуға болады.

Қосымша ақпарат:

 Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Оқу курсында 12 модуль бойынша 50 танымдық бейнесабақ қамтылған. Оқу курсы барысында әр үміткерге консультациялар алу үшін бизнес-тренер белгіленген. Оқу процесінде сондай-ақ салалық сарапшылармен вебинарлар да қарастырылған (технологтар мен мамандардың жетекшілігімен шеберлік сабақтар).

 Оқуға қатыса алатын азаматтар:

  • жұмыссыздар;
  • мүгедектігі бар адамдар (еңбекке жарамды);
  • зейнеткерлікке жетпеген 50 жастан асқан адамдар;
  • жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер;
  • аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері;
  • зейнеткерлік жасқа жетпеген ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелері, зәкірлік кәсіпорындар қатысушыларын қоса алғанда шаруа және фермерлік қожалықтардың мүшелері;
  • қоныс аударғандар;
  • қандастар

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер